Орал іргесіндегі су тасқыны кезінде үйі тұруға жарамай қалған ондаған адам кеше кешке әкімдік алдына жиналып, дереу баспанамен қамтамасыз етуді талап еткен. Ал бүгін оларды полиция ұстап жатыр.
Атырау облысы Құлсары қаласының тұрғындары тасқын су қиратқан үйлерінің орнына жаңадан салынатын баспаналардың шаршы метрін 400 мың теңгеден есептеп, қаражатты қолға беруді талап етіп жатыр. Жергілікті билік ары кеткенде 240 мыңға бағалайды.
13 мамырда Алматы соты журналист Жәмила Маричеваның ProTenge Telegram арнасында Азаттық радиосын қолдап жазған жазбасын "жалған ақпарат" деп тауып, авторға 74 мың теңге айыппұл салды. Арыз берген полицей жазбаның қай тұсы "жалған" екенін білмей шатасты. Ал заңгер мен журналист мұны "сөз еркіндігіне қысым" деп біледі.
Әлемде баспасөз еркіндігін өлшейтін "Шекарасыз тілшілер" халықаралық ұйымының 2024 жылғы есебінде Қазақстан сегіз саты төмендеді. Ұйым 180 елдің ішінде Қазақстанды 141-орынға лайық көрген.
Биыл Қазақстанның 10 облысы су тасқынынан зардап шекті. Үкімет комиссиясы тасқыннан келген шығынды әлі есептеп біткен жоқ. Кәсіпкерлер мен ірі компаниялар зардап шеккенгерге көмек ретінде ақша аударып жатыр. Қазірге дейін 153 миллиард теңге жиналған. Үкімет резервінде 467 миллиард теңге бар. Бұл қаржы тасқын салдарын жоюға жете ме?
Биыл Қазақстанның 10 облысы су тасқынынан зардап шекті. Үкімет комиссиясы шығындарды есептеп жатыр. Кәсіпкерлер мен ірі компаниялар көмек ретінде аударған қаржы көлемі 153 миллиард теңгеге жуықтады. Үкімет резервінде 331 миллиард теңге бар. Бұл жете ме?
Қазақстан билігі "тасқыннан келген зардаптың бәрін өтейміз" деп уәде берді. Расымен бәрі өтеле ме? Үй, бүлінген мүлік, қора-қопсы, мал шығыны қалай есептелмек? Мейірім Бақытжан түсіндіріп береді.
Қазақстан сыртқы істер министрлігінен ұзақ уақыт аккредитация ала алмаған Азаттық радиосын қолдап пікір білдірген тағы бір журналисті полиция сотқа тартып жатыр. Алматы полициясы ProTenge жобасының жетекшісі Жәмила Маричеваны «жалған ақпарат таратты» деп, көшеден ұстап әкеткен.
Ауғанстан мен Пәкістанда да су тасқыны болып, ондаған адам қаза тапты. Мыңдаған мал өліп, егістіктерді су шайып кетті.
Тасқынға байланысты үйін су алып, әлеуметтік желіде билікке қарата балағат сөз айтқан екі адам қамаудан шықты. Абақтыда бірі – 10, екіншісі – 6 күн отырды. Сарапшы «билік адамдарды қамау арқылы наразылықты басуды көздесе қателеседі» дейді.
Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Құлсары қаласында тасқыннан төрт адам опат болғанын мәлімдеді. Ақтөбе өңірінде еріген қар суына батқан екі баланың ажалына "тасқынның қатысы жоқ" дейді билік. Абай облысында өзен тасып жатқанда жоғалған төрт адам әлі табылмай жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Құлсары қаласында тасқыннан төрт адам опат болғанын мәлімдеді. Ақтөбе өңірінде еріген қар суына батқан екі баланың ажалына "тасқынның қатысы жоқ" дейді билік. Абай облысында өзен тасып жатқанда суға кеткен деген күдікпен төрт адам іздестіріліп жатыр.
Қазақстандағы тасқын мыңдаған отбасыны күйзелтіп отыр. Әсіресе ауылды жерлер қатты зардап шекті: адамдар басындағы үйінен, тіршілік көзі етіп отырған малынан айырылды. Азаттық Ақтөбе, Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында үй-күйсіз қалып, әр жерді паналап отырған үш адаммен сөйлесті.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, кәсіпкер Тимур Құлыбаевтың компаниясы Алматыдағы сотта жеңіліп, бизнес орталық салынып жатқан аумақтан айырылып қалды. Ол жерде бизнес орталық салып жатқан компания сот шешіміне келіспейді.
Кейінгі он жылда Қазақстанда су тасымаған жыл болған емес. Әр жолы жүздеген үйді қарғын су шайып, мыңдаған адам әбігерге түседі. Азаттық 2014 жылдан бері елде болған су тасқандарын шолып шықты.
Қоғам "әйелін аса қатыгездікпен, қинап өлтірді" деп айыпталып, істі боп жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотын бақылап отыр. Бірнеше Youtube-арна арқылы ашық көрсетілген сот процесінің қаралымы миллионнан асқан. Әлеуметтік желіде де талқылап, пікір жазып жатқандар көп.
Қазақстандықтар су тасқынынан зардап шеккен адамдарға жылу жинап, көмектесіп жатыр. Ірі қалаларда пункттер ашылып, тұрғындар киім, азық, гигиеналық заттар апарып, тапсырып жатыр.
Қырғыз режисері Руслан Акунның «Пейіш. Жұмақ ананың табанының астында» фильмі Қазақстанда көп көрермен жинап, төрт күн прокатта кассалық табысы бойынша бірінші орынға шықты. Бұл драма қазақстандықтарға несімен ұнады?
Алматы облысы Бесағаш ауылында таудан лай көшіп, бірнеше үйді бүлдірді. Бір үй күреліп тасталды. Биліктің «апат табиғи себептен болды» дегеніне жергілікті тұрғындар сенбейді. Олардың сөзінше, тау іргесіндегі тұрғындар кәріз суын жылдар бойы топыраққа ағызып келген, ал әкімдік оны тексермеген.
20 наурыз Халықаралық бақыт күніне орай БҰҰ жанындағы зерттеушілер дәстүрлі "Жаһандық бақыт баяндамасын" (World Happiness Report) жариялады. 2024 жылғы рейтингіде Қазақстанға 143 елдің арасынан 49-орын берілген. Алғашқы үштік – Финляндия, Дания және Исландия. Ең соңғы орында – Ауғанстан.
Тағы