Орталық Азия елдері экономикасы қарқынды өсіп жатқанын мемлекет басшылары мақтан қылады. Алайда ЖІӨ-нің ұлғаюы әрдайым халықтың әл-ауқатына тікелей әсер ете бермейді, жақсы өмір сүруіне септеспейді. Бұл өсімді тұрақты әрі қоғамға пайдалы етудің бір жолы – инновация. Орталық Азияда оның жайы қандай?