Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Тікұшақ апатынан қаза болған әскерилер отбасына әкімдіктер 1 миллион теңге материалдық көмек беретін болды. Қызмет бабында мерт болған азаматтар үшін бұл лайықты көмек пе?
22 наурызда Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында тікелей эфирде хабар таратқан Азаттық тілшілерінің жұмысына белгісіз топ кедергі келтірді. Ол туралы министрлер не айтты?
Наурыздың 22-сі күні белгісіз топ тікелей эфирде хабар таратқан тілшілердің жұмысына кедергі келтірді. Полицейлер да оларды тыйған жоқ. Министрлер не дейді?
21 наурызда Астана әкімдігінің алдында ондаған адамды полиция ұстап әкетті. Ұсталғандар арасында қала атауын "Нұрсұлтан" деп өзгертуге қарсы шыққандар да бар.
Назарбаев президенттіктен кеткенімен, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып қалды. Бұл Назарбаевқа қандай өкілеттік береді? 1995-1996 жылдары Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болған Балташ Тұрсымбаевтың пікірі.
Үкіметтің мәлімдеуінше, Қазақстанда әлеуметтік көмекке мұқтаж көп балалы отбасыларға баспана 1 мамырдан беріледі. Бұған бюджеттен 50 млрд теңге бөлінген.
Халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова "көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындауда үйдегі қариялардың зейнетақысы қоса есептеледі" деді.
Азаттық тілшілері парламент сенаты депутаттарынан Жаңаөзендегі жұмыссыздар мәселесі жайлы пікір сұрады.
Парламент мәжілісінде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін ұлттық қордан 250 миллиард теңге бөлу туралы заң талқыланды.
12 наурыз - Бүкіләлемдік интернет-цензураға қарсылық күні. Бұл күні интернеттегі еркіндікті қолдау мақсатында 11 жыл бұрын халықаралық ұйымдар бекіткен. Осы ретте Азаттық тілшісі "Қазақстанда интернетке кіру неге қиын?" деген сауалға жауап іздеп көрді.
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні астаналық әйелдер автобуста тегін жүрді.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әйелдер мерекесі (8 наурыз) қарсаңында бір топ қазақстандық әйелдермен кездесті. 7 наурызда Ақордадағы кездесуде президент көп балалы отбасыларға көмек көрсету туралы айтты.
Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова "министрлер өңірлерді аралап, әлеуметтік реформаларды түсіндіреді" деді. Азаттық тілшісі депутаттардан "бұл қаншалықты маңызды және жұрт мұндай түсіндіруге мұқтаж ба?" деп сұраған еді.
Астанада үлескерлер тағы жиналды. Баспана аламыз деп, миллиондаған қаржы құйған тұрғындар алты жылдан бері пәтерлеріне қол жеткізе алмай жүргендерін айтады.
Мектепте пәндерді қазақ, орыс, ағылшын тілінде оқыту жүйесі жайлы депутаттар не дейді?
27 ақпанда Астанада "Нұр Отан" партиясының съезінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев көп балалы отбасылардағы әр балаға 21 мың теңге беру және халықтың тұрмысын жақсатру үшін бірнеше тапсырма берді. Съезден кейін Назарбаев министрлер мен әкімдер Назарбаевтың тапсырмасы туралы не деді?
Қазақстан үкіметі отставкаға кетті. Президент Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың командасын "ел экономикасын дамыта алмады" деп сынады. Сыннан кейін үкімет отставкаға кетті.
Астана әкімі Бақыт Сұлтанов есеп беріп, жиын өткізді. Әкім қаланың даму жоспарын айтты. Жиынға кіре алмағандар да болды. Астана, 20 ақпан 2019 жыл.
20 ақпанда Алматы мен Астанада қала әкімінің тұрғындарға есеп беру жиынына биліктен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың проблемаларын шешуді сұраған аналар да келді.
Ақпанның 15-і күні Астанада жүздеген әйел қала билігімен кездесуге келді. Олар әкім орынбасарын тыңдамай, Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың алдарына шыққанын талап етіп тұрып алды.
Тағы