Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Қытай шекарасынан заңсыз өтіп, Қазақстанда екі айға қамалған Шыңжаң қазақтары Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлын ісі қалай шешілуі керек? Азаттық бұл сұрақты мәжіліс депутаттарына қойды.
11 қазанда Ақтөбе облысындағы Жаңажол мен Кеңқияқ мұнай кеніштерін бұрғылайтын "Шығыс-мұнай және сервистік қызмет" (Құжаттағы атауы – "Восток нефть и сервисное облслуживание") компаниясының жұмысшылары жалақы өсіруді талап етіп, компания кеңсесіне келді.
Сенат депутаттары шеруге баласын ертіп барған ата-анаға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе 10 күнге әкімшілік қамау жазасын енгізуді ұсынды. Бұл ана мен бала құқығын шектеу емес пе? Азаттық тілшісі парламент депутаттарынан сұрап көрді.
"Инвестицияны қорғау" деген не? Ол құжат парламентке келген бе еді?
Өткен аптада Қазақстанда ондаған адам "бейбіт митинг өткізу заңын бұзды" деген айыппен жауапқа тартылған. Олардың арасында 10-15 тәулікке қамалғандар бар. Азаттық тілшісі сенат депуттарынан "Билік рұқсат бермеді деп, митингілерге шыққандарды қамау, жауапқа тарту қаншалықты орынды " деп сұраған.
Қазақстанның бірнеше қаласында болмай қалған наразылық шарасы алдында ондаған адамды полиция ұстады. Адамдар "Қытай экспансиясына қарсы" екенін білдіріп, саяси тұтқындарды босатуды талап етті.
22 қыркүйекте Қазақстанда мемлекеттік тіл күнін атап өтеді.
"Сүйегі осал" деп диагноз қойылған балалардың ата- аналары биліктен көмек сұрады.
Бүгін Нұр-Сұлтанда қаласында көпірден бір адам секірмек болды. Ол тұрмысының қиын екенін, баспанасы жоқ, пәтер жалдап жүргенін айтты. Құтқарушылар жігітті бір сағаттан соң түсіріп алды. Оның талабын тыңдаған психолог "жігіт үнін естірткісі келеді" деді. Ал полиция оның тәртіп бұзғанын айтты.
"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай басшылығымен кездесуде қандай мәселелерді көтеруі керек деп ойлайсыз?" Азаттық тілшілері бұл сауалды парламент депутаттарына қойды.
Қазақстан мәжілісінің депутаты Владимир Божко Азаттық тілшісіне "халық мемлекетке тізерлеп, алғыс айту керек" деген сөзі жайлы пікір білдірді.
Елдің бірнеше қаласында "Қытай экспансиясына қарсы" наразылық шаралары өтіп жатыр. Азаттық тілшісі депутаттардан "Наразылыққа шыққандардың пікірімен келісесіз бе? Бұл мәселе парламентте көтеріле ме?" деп сұрады.
Үкімет атаулы әлеуметтік көмек ретінде берген ақшасын кейбір шаңырақтан қайтарып алмақ. Мәселен, Нұр-Сұлтан іргесіндегі Қоянды ауылының бірнеше тұрғынын жергілікті әкімдік "табыстарын жасырды" деп айыптап отыр. Бірақ әйелдер "кінә бізден емес" дейді.
Білім және ғылым министрлігінде істейтін шенеунік әріптестерін айыптап, мәлімдеме жасады. Министрліктің әкімшілік департаментінің директоры Анар Қайырбекова "мемлекеттік сатып алу департаменті жемқорлықпен айналысып отыр" дейді. Білім және ғылым министрі бұл шағымнан хабардар болып шықты.
Мүгедек бала бағып отырған астаналық әйелдер наразылық білдірді. "Халіміз қиын болса да, биліктің әлеуметтік көмегіне ілікпейміз" деген он шақты анаға полиция қызметкерлері жол бөгеді.
23 тамызда Нұр-Сұлтанда бір топ белсенді алдымен Қазақстандағы АҚШ елшілігі, кейін Әзірет Сұлтан мешіті алдында наразылық шарасын өткізді.
Қазақстанның бұрынғы президенті, биліктегі "Нұр Отан" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 21 тамызда Нұр-Сұлтанда өткен партияның саяси кеңесінің жиынында биліктен көмек сұраған отбасыларды сынады.
20 тамызда ондаған әйел Нұр-Сұлтан әкімдігіне келіп, "билік беретін 30 мың теңгелік сертификат баланы мектепке киіндіруге жетпейді" деді. Әкімдіктің өкілдері әйелдердің айтқанымен келіспейді.
16 тамызда Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Тамыз конференциясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерді міндетінен тыс жұмысқа тартатын әкімдерді сынады. Ол үкіметке осы мәселені шешуді тапсырды.
Жыл басынан бері Қазақстанда ондаған митинг пен бір адамдық пикет өтіп, әдеттегідей билік наразылардың кейбірін қамап, басқаларына айыппұл салып жатты. Алайда құқық қорғаушылар соңғы бірер айда "кішігірім акцияларды полиция бақылап қана жүретін үрдіс қалыптасты" дейді. Бұл "жылымық" па?
Тағы