Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шұқырсай ауылының тұрғындары биліктен елдімекенге мектеп салып беруді талай жылдан бері сұрап келеді. Шұқырсайлық жарты мыңдай бала көрші ауылға қатынап оқиды. Жергілікті билік Шұқырсайдан мектеп салу жоспарда барын айтқанымен уәделі құрылыстың қашан басталары белгісіз.
Шымкентте «мемлекет мұқтажына қажет болған» үйлерін сүруге қарсы тұрғындар баспана өтеуіне берілетін ақыға наразы. Билік өкілдері «жер телімдері жыл соңына дейін мемлекет меншігіне өтуі тиіс» екенін айтады. Бірақ кей тұрғындар «лайықты өметақы бермесе, үйден шықпауға бекінгенін» мәлімдеді. Шенеуніктер «үйлерін босатпаса, сот орындаушыларымен шығарамыз» дейді.
Шымкентте баланы мектепке дайындау шығыны көбейгені байқалады. Орташа саналатын отбасылар жаз бойғы жинағаны оқушының керек-жарағына жетпей қиналып қалатынын айтады. Билік өкілдері әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы балаларға көмек қарастырылған дейді.
Оңтүстік Қазақстандағы бірнеше ұстаз заңсыздықпен күрескендерінен зиян шеккендерін айтады. Облыстық білім басқармасы дерегінше, өңірдегі мектептерден жылына осындай мыңдаған арыз-шағым түседі.
Шымкенттіктер жерасты өткелдерінің тазалығын сынайды. Қала әкімдігі бұл өткелдердің күтіміне қаражат қарастырылмағанын айтады.
Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері үш мыңға жуық неке бұзылған. Мамандар ерлі-зайыптылардың ажырасу себептерінің алуан түрлі екенін айтады.
Балаларының туу туралы куәлігі жоқ ата-аналар әлеуметтік жағдайларының нашарлығынан тиісті құжатты ала алмағандарын айтады. Мамандар мұны «немқұрайдылық» деп санайды.
2018 жылы қолданысқа енетін жаңа әлеуметтік бағдарламаларды аймаққа түсіндіруге барған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Оңтүстік Қазақстан облысында алдағы жылы медициналық көмектен 400 мыңнан аса адам қағылуы мүмкін деп ескертті. Жергілікті билік "қиындық барын" мойындайды.
Шымкенттегі "Жібек жолы" базары қала орталығынан 15-20 шақырым қашықта орналасқан. Мұнда көкөністің бағасы қаладағы бағадан екі есе арзан сатылады. 25 шілде 2017 жыл.
Шымкентте билік шешімімен жабылған Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының бұрынғы жетекшісі, "бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін алаяқтықпен әрі аса ірі көлемде жымқырған" деп айыпталған Лариса Харькованың соты аяқталды. Еңбекші аудандық соты 55 жастағы Лариса Харькованың бас бостандығын төрт жылға шектеу және мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды. Сотталушы істі "тапсырыспен қозғалған" деп біледі.
"Мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеті" үшін 21 жылға сотталған Тоқтар Төлешов "салықтан жалтарған" және "пара берген" деген айыппен тағы жауапқа тартылды. Шымкент соты тоғыз адамның ісін жабық тыңдауда қарайтынын хабарлады.
Шымкентте билік шешімімен жабылған Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының жетекшісі, "бөтеннің мүлкін алаяқтық жасап тартып алған" деп айыпталған Лариса Харькованың ісі бойынша сот басталды. Тағылған айыптарды теріске шығарған сотталушы өзіне қарсы істі "тапсырыспен қозғалған" деп санайды.
Ер адам Оңтүстік Қазақстан облыстық соты алдында наразылық ұйымдастырып, судья қаулысындағы өзіне қатысты "азаматша" сөзін өзгертуді талап етті.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Достық ауылы тұрғындары Өзбекстанмен арадағы «шекара сызығы белгіленгеніне 12 жыл болса да әкімдік қауіпті әрі күнкөріс қиын аймақтан көшірмей отырғанын» айтады.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Достық ауылы тұрғындары Өзбекстанмен арадағы «шекара сызығы белгіленгеніне 12 жыл болса да әкімдік қауіпті әрі күнкөріс қиын аймақтан көшірмей отырғанын» айтады. Азаттық тілшісімен тілдескен тұрғындардың кейбірі тұрмыс тауқыметін айтып, көзіне жас алды. Ал жергілікті билік ауылды көшірудің кешігу себептерін баяндады.
Қазақ-өзбек шекарасы түбіндегі Достық ауылында 11 отбасы тұрады. Ауылдағы 46 тұрғынның 18-і кәмелетке жасы толмаған балалар. Мектеп жасындағы балалар Ұшқын ауылындағы орта мектепке қатынап оқиды. Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, 18 маусым 2017 жыл.
Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ жұқтырған 9 баланың ата-анасы әрқандай себеппен ем қабылдаудан бас тартып отыр. «Балаларды СПИД-тен қорғау» қоры мен кей ата-аналар арасында осы себеппен тартыс басталған. Қоғамдық қор 14 жасар бір балаға «өлім қаупі төніп тұрғанын» айтып, әкімдік пен прокуратурадан араша сұрайды. Ал балаларын емдетуге қарсы ата-аналардың көбі тілшімен тілдесуге көнбеді.
«Серпін» бағдарламасы бойынша өзге аймаққа барған оңтүстік жастарының некен-саяғы ғана оқу бітірген өңірінде қалады. Ал бағдарламаны ұйымдастырушылар «ешкімнің еліне қайтып жатпағанын» айтады.
Былтыр желтоқсанда Шымкенттегі облыстық прокуратура алдында өзін-өзі өртеген, биыл мамырда үш жылға шартты түрде сотталған кәсіпкер Нұркен Айнабеков үйінде әлі емделіп жатыр.
Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жатқан жүздеген адамның Абылай ханнан басқаларының сүйегі әлі күнге дейін ғылыми негізде зерттелмеген.
Тағы