АҚШ-тың Миннеаполис қаласында бұрынғы полицей Дерек Шовиннің ісі жөнінде сот процесі басталды. Оған афроамерикалық Джордж Флойдты өлтірді деген айып тағылып отыр. Бұл өлім былтыр бүкіл ел аумағына тараған наразылық толқынына әкелді.