Ресми статистика Қазақстанда өмір сүру жасы едәуір артқанын көрсетіп отыр. Яғни, жұрт ұзақ жасай бастаған. Бұл медицинаның және өзге де салалардың жетістігі деуге болар. Бірақ сонымен бірге қарттар үлесі де ұлғайып келеді. Мұны ғылымда демографиялық қартаю дейді. Қазақстан бұған дайын ба?
Тоқаев Германияға барып Путинді мақтады. NYT: "Қырғызстан Ресейге санкциядан жалтаруға көмектесіп отыр". Дубайдан Израильге ұшып бара жатқан ұшақ апат белгісін қосып, Сауд Арабиясына қонды.
Азаттық Халық кеңесінің қаншалықты ықпалды екенін және басқа елдердегі ұқсас құрылымдар не істеп отырғанын шолып шықты.
Германияға сапары кезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Ресей басшысы ретінде "күллі әлемге оңтайлы саяси тұлға" деп атады. Бұған қоса ол "Украина халқына, оның тарихына, мәдениеті мен дәстүріне, тіліне зор құрметпен қарайтынын" айтып, соғысты уақытша доғаруға шақырды.
Украина «Ресей оккупациялап алған Олешки қаласы гуманитарлық апат алдында тұр» деп дабыл қағып жатыр. Херсоннан 9 шақырымда жатқан қалада қазір азық-түлік, су, жарық, дәрі жоқ. Украина Олешкиде қалған жұртқа дрондармен азық-түлік жеткізуге тырысып жатыр.
Ресей Киевті үш аптадан бері үздіксіз атқылап жатыр. Дрондар тұрғын үйлер мен Ғылым академиясына тиіп, екі адам қаза болды. Елдің басқа аймақтарында да жапа шеккендер бар. Украина да Ресейдің бірнеше аймағын атқылады. Ал Ресей әскер санын ұлғайтты.
Жаңаөзенде отыз шақты жұмысшы ереуілге шығып, президент Тоқаевтан көмек сұрады. "Мен де таяқ жегенмін". Каспийдегі қазадан кейін желідегі жұрт әскерде көргендерін жазып жатыр. Францияда оқушылар наразылыққа шықты. Венгрия премьер-министрді жауапқа тартпайтын заңның күшін жойды.
Қытайда туған Раяна қазір Қазақстанда әке-шешесімен бірге тұрады, бірақ құжат бойынша олардың баласы емес. Оның туу туралы куәлігінде туыстарының аты жазылған, ал отбасы ДНҚ сараптамасы арқылы Раянаның өз қыздары екенін дәлелдеуге тырысып жүр.
Алматыда бүгін жер сілкінді. Желідегі жұрт сілкіністің қатты сезілгенін жазып жатыр. Сарбаздардың қазасынан соң Тоқаев Қазақстанның қорғаныс министрін ауыстырып, әскерді реформалауды тапсырды. Әскерилердің өлімінен соң билікке желіде сын айтқан адамдарға полиция қоңырау шалған.
Каспий теңізіндегі апаттан 14 сарбаздың қазасынан соң желіде сыни пікір жазғандардың біразы «полиция хабарласқан соң пікірлерін өшіргенін» айтып жатыр. Сарапшылар билік қоғаммен коммуникацияда қателік жіберіп, сынды қысыммен басуға әрекет жасады дейді.
Владимир Путин Украинаның Ресейдегі нысандарға жасаған соққыларынан кейін бейбіт келіссөздерге қатысты Мәскеудің ұстанымы өзгеруі мүмкін екенін айтты. Ол Ресейдің жауап қайтаратынын ескертті. Осы кезде Ресей әскері Харьковтегі көпқабатты тұрғын үйге авиабомба тастады.
Ясмина Токсанбаева Азия ойындарында марафондық спорттық жүрістен жарысты бірінші болып аяқтады. Алайда кейін оның нәтижесі аяқ-киіміне қатысты наразылықтан соң жойылып, спортшы жарыстан шеттетілді. Жағдайдың анық-қанығы.
Каспий теңізінде қаза тапқан сарбаздардың саны 14-ке жетті. | Желді күні сарбаздарды суға секірткен кім? Құзырлы органдар кемі бес адамды ұстады. | Сарбаздар қаза тапқан Ақтауға Қазақстан президенті барған жоқ.
Қазақстанда 25 қыркүйек – Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздарды аза тұту күні. Билік 14 жауынгер суға батып мерт болғанын хабарлады. Әскери теңіз күштерінің бес басшы қызметкері күдікті ретінде ұсталды. Қоғамда әскери басшылық пен биліктің іс-әрекетіне сын айтылып жатыр.
Тағы