Азаттық Азия (Azattyq Asia) – Азат Еуропа/Азаттық радиосының Орталық Азия бойынша бөлімі.
2024 жылғы қазанда құрылған бұл бөлім Орталық Азиядағы орыстілді редакцияларды біріктіріп, аймақтағы оқиғалар жайлы орыс тілінде хабар таратады.
Әлеуметтік желідегі парақшалары: Instagram, Telegram, WhatsApp, TikTok
Астана соты "Ахуал сегодня" YouTube-арнасының авторы Азамат Омаровты қамауда қалдырды. Журналист 18 шілдеден бері тергеу абақтысында отыр. Қазақстанның медиақауымдастығы елде тәуелсіз журналистер мен сыни пікір айтқандарға қысым күшейіп, ақпарат кеңістігі аясы тарылып жатқанын айтады.
Шілденің ортасында Ташкентте президент кортежі өткен жолда апат болып, салдарынан екі адам қаза болды. Осыдан соң, мемлекет басшыларына ұзын-сонар автоколоннаның қажеті не деген талқы туды. Мұндай кортеждер қала тұрғындарына қолайсыздық тудырып, кейде азаматтардың өміріне қауіп төндіріп жатады.
ФИФА Өзбектан құрамасының шабуылшысы Элдор Шомурадовтың әлем кубогында Конго ДР қақпасына салған голын топтық кезеңнің үздік голы деп таныды. Оның әуелете салған голы 36 пайыз дауыс жинаған.
Орталық Азияда егде жастағы ата-анаға қарау қасиетті борыш саналады. Ал қарттар үйіне көзқарас әлі де жағымсыз күйде қалып отыр. Бірақ аймақ елдерінің халқы қартайып жатыр, ал деменция, Альцгеймер, инсульт ауруларына шалдыққан адамдарға күні-түні күтім керек.
Ресей Орталық Азия елдерінде мектеп мен білім беру орталықтарын салуға жүздеген миллион доллар бөліп жатыр. Сарапшылар мұны Мәскеудің Украинаға басып кіргеннен кейін әлсіреген ықпалын сақтап қалуға және аймаққа назар бұра бастаған өзге державалардың мүддесіне қарсы талпынысы ретінде бағалайды.
Қытайдың Tencent атты алпауыт технологиялық компаниясы Қазақстандағы ең ірі цифрлық экожүйе әрі супер-қосымша — Kaspi-дің акциялар пакетін сатып алып, ел нарығына енді. Былтыр бұл компания Өзбекстанның жетекші финтех-жобасына да инвестиция құйған.
Орталық Азия елдерінің азаматтары арасында өз еркімен әскери келісімшартқа отырып, Украинаға аттанатындар саны артып келеді. Мұны құқық қорғаушылар, журналистер мен оқиға куәгерлері айтып отыр. Соғысқа барудың басты себебі ретінде ақша мен Ресей азаматтығын алу мүмкіндігі аталады.
16 жастағы Тимур Турков соғысқа қарсы көзқарасы үшін туған елі Ресейді тастап, Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтті. Орал қаласына жетіп, саяси баспана сұраған бозбала қылмыстық іс бойынша сотқа тартылып, оған депортация қаупі төнді.
Уроженец России, гражданин Казахстана, миллиардер из списка Forbes. Тимур Турлов известен в Казахстане и за его пределами как основатель и владелец холдинга Freedom Holding Corp, который объединяет брокерскую компанию, страховые организации, банк, онлайн-сервисы.
Қазақстанда құрылысы басталады деген үш жылу орталығын Ресей салмайтын болды. Жұмыс ресми түрде басталды: келісімшарттарға қол қойылып, мерзімдері белгіленді, алаңдарды дайындап жатыр. Бірақ жауапсыз сұрақ көп: құны триллион теңгеден асатын нысандарды енді кім және қандай шарттармен салмақ?
Қазақстанда бірталай журналистердің ұсталғаны, олардың үстінен қылмыстық және әкімшілік іс қозғалғаны медиа қауымды алаңдатып отыр. Билік өкілдері "адам аузына ие болуы керек" дейді.
Ресейдің кей өңірінде елдің қолындағы ірі қара малды жаппай жою жалғасып жатыр. Жұрттың наразылығын тудырған шараны билік пастереллез, құтыру ауруымен байланыстырады. Бірақ кейбір мамандар аусыл індеті шыққан болуы мүмкін дейді. Осыған ұқсас мал ауруы Орталық Азия елдерінде де байқалып отыр.
Тағы