Accessibility links

Зеленский Путинмен Қазақстанда кездесуге дайын екенін мәлімдеді


Владимир Зеленский
Владимир Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинмен Қазақстанда да кездесуге дайын екенін мәлімдеді.

Оның сөзінше, Киев түрлі ұсыныс айтқан.

“Біз Түркия, Сауд Арабиясы, Катар, Австрия, Швейцария сияқты бейтарап елдерді де ұсындық. Егер қаласаңдар, тіпті Қазақстан сияқты елде де [кездесейік] дедік. Біз дайынбыз” деді Зеленский.

Ол бұл сөзін Fox news арнасына берген сұхбатында айтты.

Бұған дейін Ресей басшысы Владимир Путин Зеленскиймен Мәскеуде кездесуді ұсынған. Одан бас тартқан Украина басшысы Зеленский Путинді Киевтегі келіссөзге шақырған.

Осыған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан араағайын болуға ұмтылмайтынын, бірақ қажет кезде көмектесуге дайын екенін мәлімдеген. Қаңтарда ол АҚШ президенті Дональд Трамппен Украинадағы жағдайды талқылап, келіссөзді қолдайтынын айтқан.

"Қазақстан халықаралық мәселелерді шешуге көмектесуге әрдайым дайын" деді Тоқаев сол кезде.

XS
SM
MD
LG