Accessibility links

Запорожьеде Ресей шабуылынан үш адам қаза тауып, екі кісі жараланды


Ресей күштерінің шабуылына ұшыраған Запорожье. 22 қыркүйек, 2025 жыл. Запорожье облыстық әскери әкімшілігі жариялаған сурет.
Ресей күштерінің шабуылына ұшыраған Запорожье. 22 қыркүйек, 2025 жыл. Запорожье облыстық әскери әкімшілігі жариялаған сурет.

Ресей әскері 22 қыркүйекке қараған түні Украинаға 141 дронмен шабуыл жасаған, оның 132-ін әуе шабуылынан қорғаныс күштері атып түсірген. Бұл туралы Украина армиясының әуе күштері хабарлады.

Запорожье облыстық әскери әкімшілігі басшысы Иван Федоровтың сөзінше, Ресей әскері Запорожьеге 40 минут бойы үздіксіз жаппай шабуыл жасаған: Космос ықшамауданындағы көлік тұрағын, жағалау бойындағы жолға жақын орналасқан сауда үйлері мен өмірлік маңызы бар инфрақұрылымдарды, Шевченко ауданында тұрғын үйлерді нысанаға алған.

Ресей шабуылы салдарынан үш адам қаза тауып, тағы екеуі жараланған.

"Шабуылға ұшыраған нысандардың ешбірінің әскери инфрақұрылымға қатысы жоқ. Бұл бейбіт қала мен оның тұрғындарына қарсы мақсатты түрде жасалған шабуыл болды", – деп жазды Федоров.

Сумыда ресейлік дрон шабуылынан жергілікті кәсіпорындардың бірінің күзетшісі жараланды деп хабарлады Сумы облыстық әскери әкімшілігі басшысы Олег Григоров.

XS
SM
MD
LG