2019 жылы әлемнің бірқатар елінде наразылық шаралары өтіп, полиция адамдарды жаппай ұстады. Францияда Нотр-Дам соборы өртеніп, Украинада әзілкеш актер ел президенті болып сайланды. Владимир Зеленский АҚШ-тың ішкі саясатына қатысты дауға ілінгенде жас экобелсенді ғаламдық климаттың өзгеріп бара жатқанына жаһан назарын аударды. 2019 жылғы есте қаларлық ірі оқиғаларды көрсететін суреттерді жинақтап, назарларыңызға ұсынамыз.
2019 жылдың маңызды оқиғаларынан түсірілген 30 фото

26
Ресейшіл сепаратистер Шығыс Украинадағы Донецк облысы Петровское елдімекенін минадан тазартып жатыр. 19 қараша.

27
Бензин бағасының қымбаттауына қарсы көтерілісте өртелген Иранның Мелат банкі ғимараты жанынан өтіп бара жатқан әйелдер. Шахрияр қаласы, 20 қараша. Иран билігі қарашаның басында 50 пайызға дейін көтеріп, халық жаппай наразылыққа шыққан.

28
Бағдатта Ирак қарулы күштерімен қақтығыста жараланған демонстрантты алғашқы медициналық көмек көрсетуге апара жатыр. Үкіметке қарсы наразалық ел астанасы мен шейіттер шоғырланған оңтүстікте қатты белең алды. Белсенділер Ирак мемлекетіне Иран ықпалының артуына қарсы шығып, биліктен жемқорлықты жоюды талап етті. 28 қараша.

29
АҚШ президенті Дональд Трамп Marine One тікұшағына мінер алдында Ақ үй алдындағы алаңқайда журналистерге сұхбат беріп тұр. Бұл уақытта АҚШ өкілдер палатасы оған қарсы импичмент жариялау ісін талқылап жатқан. 2 желтоқсан.

30
Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта), Франция президенті Эммануель Макрон (ортада) және Украина президенті Владимир Зеленский 9 желтоқсанда өткен Париж кездесуінде. Бұл – fПутин мен Зеленскийдің Украинаның шығысындағы жағдайды реттеуге тырысқан бірінші кездесуі. Ресейшіл сепаратистер бақылауындағы Донбасста 5 жылдан бері соғыс қимылдары жүріп жатыр.