Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Хадиджаның балалық шағына "саяхат"
26 мамыр 2016 жыл, 11:00
25 мамыр күні Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев отбасының жемқорлық әрекеттері туралы журналистік зерттеу жасаған Хадиджа Исмаилова бостандыққа шықты. «Настоящее Время» хабары танымал журналистің балалық шағына "саяхат" жасап қайтты.
1
2015 жылдың қыркүйек айында Баку (Әзербайжан астанасы) соты Хадиджаны "салықтан жалтарды", "мүлікті ысырап етті" деген айыптармен жеті жарым жылға түрмеге қамады. Суретте: бала Хадиджа.
2
Журналистің өзі және оның адвокаттары істің саяси астары бар деп мәлімдеді. Исмаилова Әзербайжанның жоғарғы билігінде отырған тұлғалардың жемқорлыққа қатысты әрекеттерін зерттеумен танылды. Суретте: бала Хадиджа төменгі қатарда оң жақ шетте отыр.
3
Үкім бойынша Хадиджа Исмаилова әлі де алты жарым жыл түрмеде отыруы керек еді. Суретте: тоғыз жасар Хадиджа.
4
Исмаилованың журналистік зерттеулері арқасында 2012 жылы Әзербайжандағы алтын кенішін игеру құқығы президент Ильхам Әлиев отбасына берілгені мәлім болды.
5
2014 жылы Хадиджа президент Әлиевтің қызы офшор компаниялары арқылы елдегі ірі телекоммуникациялық оператор - Azercell-ді бақылап отырғанын анықтады.
6
Исмаилова жүргізген журналистік зерттеу бойынша, президент отбасы Бакудегі алты салтанатты отельге иелік етеді, ал Әлиевтің қызы Лейланың Мәскеу түбіндегі Рублевкада үлкен сарайы бар.
7
Адвокаттардың айтуынша, журналистің соты өткен кезде заң көп бұзылған. Мәселен билік сот өтіп жатқанда Исмаилованың туыстары мен жақтастарын, тіпті құқық қорғаушыларды кіргізбеуге тырысты және бұл үшін сот залын басқа адамдармен толтырып қойды. Суретте: Хадиджа 27 жаста.
8
Хадиджа Исмаилова.
9
Хадиджаның тұтқындалар алдындағы суреті.
Хадиджаның балалық шағына "саяхат"
Пікірлерді көріңіз
ПІКІРЛЕР
Back to top
XS
SM
MD
LG
ПІКІРЛЕР