Жер шарында жыл сайын жүз миллиондаған гектар жер өртеніп, жүздеген адамды мерт етеді. Биыл аптап ыстық пен адамдардың бейқамдығы кесірінен кей аймақтарда өрт тіпті көп шықты.
Отқа оранған Жер

1
АҚШ-тағы Калифорния штатында бір аптада 630 өрт болды. Бұл - осы өңірдегі соңғы жылдардағы ең ауқымды апат.

2
Аймақта 14 мың гектардан астам жер жанып жатыр.

3
Өртке аптап ыстық пен құрғақшылық себеп болған.

4
Бірнеше өңірде төтенше жағдай жарияланды.

5
Өрттен 16 үй зардап шекті.

6
Калифорниядағы өрт. 11 шілде 2017 жыл.

9
Италияның оңтүстігінде де қыста жауын-шашын аз жауғанның кесірінен өрт шықты.

10
Тіпті Везувий вулканы маңындағы беткей де өртенді. Жергілікті БАҚ кей маңды жерге таласқан қылмыстық топтар өртеген дейді.

11
Ал Францияда шылымнан шыққан өртті бірнеше күн бойы сөндіре алмады.

12
Португалияның төрт өңірінде маусымның соңында аптап ыстық кесірінен орман өртенді.

13
Кемінде 60 адам өрттен зардап шеккен.

14
Хорватияда өрт кесірінен сол маңдағы тұрғындар мен туристерді эвакуациялай бастады.

15
Черногорияда да өрт шықты.