Солтүстік Корея астанасы Пхеньянда кейінгі жылдары құрылыс қарқынды түрде жүріп жатыр. Бұл ел халықаралық санкциялар мен халық тұрмысының нашарлығына қарамастан құрылыс көлемін ұлғайтып отыр.
Пхеньяндағы құрылыс қарқыны

1
Пхеньянда құрылыс крандары әдеттегі көрініске айналған.

2
Қазіргі Пхеньян. Солтүстік Корея ұлттық табысының үштен бір бөлігін қорғаныс саласына жұмсайды. Азаматтық инфрақұрылымды дамытуға қорғаныс саласындай көп қаражат бөлінбейді.

3
Пхеньянның кейбір көшелері болашақтың қаласын елестетеді.

4
Пхеньяндағы ғылыми-техникалық кешен, оның құрылысы былтыр аяқталды.

5
Ғылыми-техникалық кешеннің ішіне зымыран моделі қойылған. Мәліметтерге қарағанда бұл жерде осы елдің ғалымдарының еңбектері тіркелген электрондық кітапхана да жасақталып жатыр.

6
Пхеньян әуежайының терминалы 2015 жылдың жазында салтанатты түрде ашылды.

7
Әуежайдың іші.

8
Кейбір жерлер СССР-дің соңғы жылдарын еске түсіреді. Кей сарапшылар Солтүстік Кореяның құрылысты жедел жүргізуге қаражатты Қытаймен саудадан түсіріп жатқанын айтса, енді бір мамандар елдің алтын қорын сатып жатқанын мысалға келтіреді.

9
Пхеньян орталығындағы құрылысшылар. Кейбір бақылаушылар астанадағы қарқынды құрылыс мемлекеттің ғана қолдауымен болып жатпағанын, оған жергілікті кәсіпкерлер де үлес қосып отырғанын айтады.

10
Пхеньяндағы кедей аудандардағы үйлер бұзылып жатыр. Британдық Guardian газетінің кейінгі репортажында Солтүстік Корея тұрғындарының көбі заңсыз саудамен күн көретіні жазылған.

11
Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын жаңадан салынған ғимараттарды қарап жүр.

12
Электр кабельдерін шығаратын зауыт жұмысшысы. Бұл кәсіпорынға жақында артық өнімді сатуға және одан түскен табысты инвестиция ретінде пайдалануға рұқсат берілді.

13
Пхеньяндағы Ким Чен Ынның басшылық қызметке кіріскеніне төрт жыл толуына (11 сәуір) орай өтіп жатқан мереке.

14
Пхеньянның түнгі көрінісі.

15
Солтүстік Корея астанасындағы таңғы тұман.

16
Солтүстік Кореяның алдыңғы көсемдеріне - Ким Ир Сен мен Ким Чен Ирге қойылған ескерткіштер. Әзірге Пхеньянда саяси өзгерістер болып жатқан жоқ.
ПІКІРЛЕР