Газа секторындағы палестиналықтар мен Израиль әскерилері арасындағы қақтығыстан ондаған адам қаза тауып, мыңдаған адам жарақаттанды.
Газа секторындағы қақтығыс

1
14 мамырда Иерусалимде АҚШ елшілігінің ашылуы болып жатқанда Газа секторында қарсылық күшейді. Мыңдаған палестиналық Израиль әскерімен қақтығысты.

2
Газамен шекаралас аймақта Израиль әскерилерімен қақтығыс кезінде кемінде 55 палестиналық көз жұмды. Қаза тапқандар саны артуы мүмкін.

3
АҚШ бұл қақтығыстың артында ХАМАС ұйымы тұр деп айыптады.

4
Палестина денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, наразылық шарасында 2700 палестиналықтың жарақат алған.

5
Палестина тарабының айтуынша, Израиль әскері қақтығыс кезінде оқ-дәрі, көзден жас шығаратын газ қолданған.

6
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху “әрбір ел өзінің шекарасын қорғауға міндетті” деп мәлімдеді. БҰҰ Израиль әскерінің әрекетін сынады.

7
Палестиналықтар Шығыс Иерусалим өздерінің болашақ мемлекетінің астанасы болғанын қалайды. Израиль Шығыс Иерусалимді басып алып, қаланы өзінің астанасы деп жариялаған.

8
Газа секторындағы қақтығыс.

9
Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас Израиль әскерінің “қанды қырғынын” айыптап, үш күндік қаралы күн жариялады.

10
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Газа секторындағы қақтығыс БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде талқыланады. Талқылау туралы ұсынысты Кувейт жасаған.