Солтүстік Осетия астанасында трамвай желісі 19-ғасырдың соңында пайда болған. Бельгиялық компания жасаған электр күшімен қозғалатын вагондарды қала тұрғындары 1904 жылдан пайдалана бастаған. Компания трамвай желісін қаланың шеткері аймақтарына ғана емес, Тбилисиге дейін жеткізуді жоспарлағанымен ол мақсат орындалмай қалған. 1917 жылғы революциядан кейін қаржы тапшылығынан трамвай жұмысы арагідік тоқтап қалатын. Совет үкіметі тұсында, 1930-жылдары Владикавказда трамвай жолын кең табанды рельске ауыстырды. СССР ыдырағаннан кейін қаладағы трамвай шаруашылығы бір қолдан екіншісіне ауысып, тоқырауға ұшырады. Азаттықтың Солтүстік Кавказ қызметі әзірлеген фотогалерея.
Владикавказ трамвайы

1
Владикавказдың әр шетіне тарамданған трамвай желісінің жалпы ұзындығы 2003 жылдың басында 27,8 шақырымды құрайтын

2
Трамвай паркіндегі көліктердің дені бұрынғы Чехословакия немесе қазіргі Чехияда жасалған вагондардан тұрады

3
Бұл ескі трамвай вагондарының пайдалану мерзімі біткеніне талай жыл болған

4
Сондықтан ара-тұра оларды толық жөндеуден өткізіп отырады

5
Владикавказда трамвай вагондарын трамвай депосында жөндейді

6
Әуелі есік-терезе, орындықтарын ағытып, вагонды толық "шешіндіреді"

7
Бұдан кейін қаптамасы мен орындықтарын жаңартады

8
Арада біраз уақыт өткенде ескі вагондардың іші-сырты толық жаңартылады

9
Жөндеуден өткен ескі вагондар қайтадан қала ішінде жолаушы тасымалдауға шығады
ПІКІРЛЕР