Accessibility links

Өзбек зейнеткерлері мемлекетке қарыз болып қалды


Өзбек баласы атасын жұма намазына ертіп бара жатыр. Ташкент, 2 сәуір 2004 жыл. (Көрнекі сурет)
Өзбек баласы атасын жұма намазына ертіп бара жатыр. Ташкент, 2 сәуір 2004 жыл. (Көрнекі сурет)

Таяуда Өзбекстан қаржы министрлігі зейнеткерлер «көп мөлшерде зейнетақы алып қойды» деп, 105 миллион долларды қайтаруды талап етті. Бұл дағдарыс Өзбекстанның авторитарлық билігі қарқынды өсіп бара жатқан халықтың қамын ойластырумен әлек болып жатқан кезге тура келді.


Өзбекстандағы алты миллионнан астам зейнеткердің басым бөлігі айына 100 АҚШ доллары көлемінде ғана зейнетақы алады. Жұмыссыздық деңгейі жоғары Өзбекстанда бұл ақшаға зейнеткерлердің өздері ғана емес, көбінесе олардың бүкіл отбасы күн көреді.

«ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР 105 МИЛЛИОН ДОЛЛАР ҚАЙТАРУЫ КЕРЕК»

Алайда ресми Ташкент өзбек зейнеткерлерінің «ақшасы көп» деп, «артық ақшаны» қайтаруды талап етті.

2012 жылдың басында қаржы министрлігінің тергеушілері «зейнетақылар қате есептелді, зейнеткерлер үкіметке кемінде 105 миллион доллар қарыз, бұл ақша қайтарылуы тиіс» деп жариялады. Министрліктің айтуынша, тексеру жалғасып жатқандықтан ол ақшаның көлемі әлі де ұлғаюы ықтимал.

Азаттық радиосының өзбек редакциясына сұқбат берген Өзбекстан зейнетақы
Әңгімелесіп тұрған қариялар. Өзбекстан, 25 қыркүйек 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Әңгімелесіп тұрған қариялар. Өзбекстан, 25 қыркүйек 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
қорының қызметкері «бұл жағдайға жоғары зейнетақы алуды көздеп, өздерінің бұрынғы жалақылары туралы жалған мәлімет берген зейнеткерлер кінәлі» дейді.

– Мәселен, бұрын 100 сом жалақы алғандар зейнетке шыққан кезде «менің айлығым 200 немесе 300 сом еді» деп мәлімет береді. Олар осылайша жоғары зейнетақы алуды көздейді. Сондықтан зейнетақы қоры қажетті мөлшерден де көбірек ақша төлеп жіберген, – дейді аты-жөнін атамауды сұраған қызметкер.

Кедейшілікке ұшыраған Өзбекстанда қарт адамдарды зейнетақы төлеу күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Бұл елде зейнетақы қорына ақша аударатын жұмыс күші азайып бара жатыр.

Ташкент экономикалық реформаларды баяу жүзеге асырып жатқандықтан зейнетақыға қатысты мәселе дағдарысқа ұшырауы мүмкін.

Өзбекстандағы 28 миллион халықтың 6,2 пайыздан астамы – жасы 60-тан асқан адамдар. БҰҰ мәліметі бойынша, 2050 жылы дейін бұл көрсеткіш 21 пайызға жетеді (яғни елдегі бес адамның бірі зейнеткер атанады).

Ақшаны қайтару туралы үкіметтің талабын болашақ өтемақы дағдарысының алдын алу әрекеті деп қарастыруға болады. Бірақ зейнеткерлер «елде қалыптасқан даулы жағдайға билік кінәлі» дейді.

ДӘЛЕЛІ ЖОҚ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР

Хорезм облысындағы Үргеніш ауданында тұратын 72 жастағы зейнеткер 2002 жылы жекеменшік кәсіпорын директоры болған. Ол бизнесінің «заңсыз жабылғанын», «құжаттарын билік тартып алғанын» айтады. «Ресми құжаттар болмағандықтан бұрынғы қызметкерлерім қандай жалақы алғандарын дәлелдей алмады. Енді билік оларды «өтірікші» деп айыптап отыр» дейді ол.

– Бұрынғы қызметкерлерімнің біріне «заңсыз 9 миллион сомнан астам (4 мың 900
Өзбек ақсақалы демалып отыр. 25 наурыз 2012 жыл.
Өзбек ақсақалы демалып отыр. 25 наурыз 2012 жыл.
АҚШ доллары) қосымша зейнетақы алды» деген айып тағылды. Зейнетақы қоры өкілдері оған ай сайынғы тұрақты зейнетақыны қалпына келтіру үшін әлгі ақшаны қайтару керектігін айтты, – дейді Үргеніш тұрғыны.

Өзбек зейнеткерлері зейнетақыны қалпына келтіру ісі қиын екенін айтып, көптен бері шағымданып келеді. Өзбекстанда зейнетақы кеш төленеді, кейде тіпті жоғалып та кетеді. Жуықта зейнетақы төлемдері дебет карталары арқылы төленетін болды. Бірақ ол карточкалар елдегі санаулы заманауи супермаркеттерде ғана қабылданады.

Енді өзбек үкіметі зейнеткерлерге берген «артық ақшаларын» қайтара алмай отыр. Зейнетақы қоры өкілдері зейнеткерлерден ақшаны қайтаруды жергілікті билік орындарына тапсырған.

– Мен мемлекетке өз қалтасынан екі-үш миллион сом беруге мәжбүр болған бұрынғы махалла басшыларын білемін. Сол махаллалардағы адамдар зейнетақыларын қайтара алмаған болатын. Олар алған ақшаларын жұмсап жіберді. Сондықтан махалла басшылары өз қалталарынан ақша беруге мәжбүр болды. Біздің бұрынғы басшымыз қызметінен айырылды. Ол әлі де жұрттан ақша жинап жүр. Мен нақты білмеймін, бірақ естуімше ол мемлекетке 3,2 миллион сом тапсыруы керек, – дейді өзбек махалласын басқаратын бір әйел.

Өзбек қаржы министрлігі «көптеген зейнеткерлер даулы ақшаны қайтарғанның өзінде алда зейнетақы көлемі азаяды» деп ескертті.
XS
SM
MD
LG