Рахат ауылында тұратын Дайрабай аға мен Зылиха апа 6 шілде күні үлкен ұлдары Ғани мен келіндері Әсиядан көрген немересінің бесік тойын жасады. Той "Президент үйлер" деп аталатын қызыл шатырлы коттедждер түскен шағынаудандағы бір үйде өтті. Бұл ауданда негізінен қазақтар тұрады. Үлкен үйлерді көбіне 10 жылдық несиеге алады.
Өзбекстандағы бесік той
Азаттық Зарафшан қаласының түбіндегі Рахат ауылында тұратын қазақ диаспорасы өткізген бесік тойдан фоторепортаж ұсынады.
![Той Дархан есімді жеті айлық немеренің құрметіне жасалса да, арнайы шақырылған сыйлы әжелер Дайрабай аға мен Зылиха апайдың басқа ұлынан көрген немересі - Думанды бесікке бөлеп дайындық жасап жатты.](https://gdb.rferl.org/ef543dfd-4102-4989-9873-7386016904ce_w1024_q10_s.jpg)
1
Той Дархан есімді жеті айлық немеренің құрметіне жасалса да, арнайы шақырылған сыйлы әжелер Дайрабай аға мен Зылиха апайдың басқа ұлынан көрген немересі - Думанды бесікке бөлеп дайындық жасап жатты.
![Бесікке салған Думан у-шуды елемей ұйықтап кетті.](https://gdb.rferl.org/8a638e6a-a01f-441c-9f09-7e27c6c16ce7_w1024_q10_s.jpg)
2
Бесікке салған Думан у-шуды елемей ұйықтап кетті.
![Үйдің алдында той йелері құда-құдағиларын - Әсияның әке-шешесін қарсы алып жатыр. Нағашы ата-әжесі жеті айлық жиендері Дарханға сый-сыяпаттарын ала келіпті. Әлбетте, ең басты сыйлық - жаңа бесік болып шықты.](https://gdb.rferl.org/57b9daaa-ed2d-40c3-9ed1-fa8faac85ed6_w1024_q10_s.jpg)
3
Үйдің алдында той йелері құда-құдағиларын - Әсияның әке-шешесін қарсы алып жатыр. Нағашы ата-әжесі жеті айлық жиендері Дарханға сый-сыяпаттарын ала келіпті. Әлбетте, ең басты сыйлық - жаңа бесік болып шықты.
![Қонақтар түгел жиналғанша жастар дастархан жайып, тамада дауысын қырнап ән салуға дайындалып отыр.](https://gdb.rferl.org/78bb0619-9c9d-4d0e-ac89-f8f6428170fe_w1024_q10_s.jpg)
4
Қонақтар түгел жиналғанша жастар дастархан жайып, тамада дауысын қырнап ән салуға дайындалып отыр.
![Дарханға сыйлықтарын арқалап жеткен туыстар.](https://gdb.rferl.org/968947a4-a40c-4683-8cb5-3f73e617a5f9_w1024_q10_s.jpg)
5
Дарханға сыйлықтарын арқалап жеткен туыстар.
![Құда-құдағи мен өзге де сыйлы қонақтар төргі бөлмеге жайғасты.](https://gdb.rferl.org/4d031219-dbff-4e9f-921c-45648fb53ed8_w1024_q10_s.jpg)
6
Құда-құдағи мен өзге де сыйлы қонақтар төргі бөлмеге жайғасты.
![Дайрабай аға мен Зылиха апайдың келіндерінің бірі - Гүлмира. Бесік тойдың таңғы палауын тартып тұр. таңғы палау кейін көршілерге таратылады.](https://gdb.rferl.org/d0edab11-2e77-4421-9548-520806e5cd24_w1024_q10_s.jpg)
7
Дайрабай аға мен Зылиха апайдың келіндерінің бірі - Гүлмира. Бесік тойдың таңғы палауын тартып тұр. таңғы палау кейін көршілерге таратылады.
![Бесік тойға балалар да көп жиналады.](https://gdb.rferl.org/5f5848fa-0031-4b2e-8398-e41faf83f1ee_w1024_q10_s.jpg)
8
Бесік тойға балалар да көп жиналады.
![Бесікке бөленіп жатқан Дарханның анасы - Әсия.](https://gdb.rferl.org/42e2da8e-e9d1-4343-a48a-4f497b950748_w1024_q10_s.jpg)
9
Бесікке бөленіп жатқан Дарханның анасы - Әсия.
![Әсия таңғы палауды көршілерге таратып жүр.](https://gdb.rferl.org/b71dd9b6-2197-4123-bcba-be9a50b8b1a3_w1024_q10_s.jpg)
10
Әсия таңғы палауды көршілерге таратып жүр.
![Қонақтардың алдында осы екі жігіт үзіліссіз ән шырқады.](https://gdb.rferl.org/45f0fe31-4367-4856-8433-87e55e379d1d_w1024_q10_s.jpg)
11
Қонақтардың алдында осы екі жігіт үзіліссіз ән шырқады.
![Үйлену мен бесік тойлары осы аймақта тұратын қазақтар, тәжіктер мен өзбектер үшін көрісетін, кеңесетін, көңіл көтеретін шара. Мұндай тойлар қазақтар үшін ерекше маңызды, өйткені Қазақстанға кеткен туыстармен кездесіп, қауқылдасып қалады. Суретте - тойға келген қонақ қыздардың бірі.](https://gdb.rferl.org/02e5bf56-52a7-4049-9af2-4e63522fc60f_w1024_q10_s.jpg)
12
Үйлену мен бесік тойлары осы аймақта тұратын қазақтар, тәжіктер мен өзбектер үшін көрісетін, кеңесетін, көңіл көтеретін шара. Мұндай тойлар қазақтар үшін ерекше маңызды, өйткені Қазақстанға кеткен туыстармен кездесіп, қауқылдасып қалады. Суретте - тойға келген қонақ қыздардың бірі.
![Зарафшан қазақтары жергілікті халық сияқты қонақтарына палау тартқанымен міндетті түрде ет асады.](https://gdb.rferl.org/6861ead7-7f90-42ab-bb81-54c7c08e8d8d_w1024_q10_s.jpg)
13
Зарафшан қазақтары жергілікті халық сияқты қонақтарына палау тартқанымен міндетті түрде ет асады.
![Қазақ тойларында келіншектерді басына тартқан орамалынан тануға болады. Мына бір жас әйел той йелерінің ас-суын әзірлеуге көмектесіп жүрді.](https://gdb.rferl.org/2de4231e-0d7a-428d-9b40-04b0981f6d4b_w1024_q10_s.jpg)
14
Қазақ тойларында келіншектерді басына тартқан орамалынан тануға болады. Мына бір жас әйел той йелерінің ас-суын әзірлеуге көмектесіп жүрді.
![Той өтіп жатқан үй табалдырығындағы кебістер.](https://gdb.rferl.org/cbdd08e0-951f-4e61-9e92-5f7fe8d8c0b7_w1024_q10_s.jpg)
15
Той өтіп жатқан үй табалдырығындағы кебістер.
![Қонаққа келген әйелдердің кейбірі жас балаларын жеке бөлмедегі бесікке бөлеп дастархан басына кеткенде жаңа жерді жатырқап дұрыс ұйықтамауы мүмкін деп орталарынан біреуін сол бөлмеге қараушы етіп қалдырады екен.](https://gdb.rferl.org/508dcbe4-161b-44c4-b2ea-e1200e0da092_w1024_q10_s.jpg)
16
Қонаққа келген әйелдердің кейбірі жас балаларын жеке бөлмедегі бесікке бөлеп дастархан басына кеткенде жаңа жерді жатырқап дұрыс ұйықтамауы мүмкін деп орталарынан біреуін сол бөлмеге қараушы етіп қалдырады екен.
![Дарханның нағашылары да небір сый-сыяпат әкеліп жатты.](https://gdb.rferl.org/215796e9-2b5d-4f5e-acce-bf96557eea4d_w1024_q10_s.jpg)
17
Дарханның нағашылары да небір сый-сыяпат әкеліп жатты.
![Әсияның ағасы арнайы безендірілген бесік сыйға тартты.](https://gdb.rferl.org/3bfc5c51-a86c-469f-80e0-85bd1857ae53_w1024_q10_s.jpg)
18
Әсияның ағасы арнайы безендірілген бесік сыйға тартты.
![Дарханды бесікке бөлеу құрметіне ие болған сыйлы қонақ әжелер әуелі ырымдап бесік ішіне кәмпиттен шашу шашты.](https://gdb.rferl.org/636eb7ff-4115-4796-8eb2-64603a495119_w1024_q10_s.jpg)
19
Дарханды бесікке бөлеу құрметіне ие болған сыйлы қонақ әжелер әуелі ырымдап бесік ішіне кәмпиттен шашу шашты.
![Дарханды бесікке бөлеу сәті де туды.](https://gdb.rferl.org/ed72266b-8db3-44a1-a3b0-80f04ded751a_w1024_q10_s.jpg)
20
Дарханды бесікке бөлеу сәті де туды.
![Өзін бесікке бөлеп отырған әжеге қарап жатқан Дархан.](https://gdb.rferl.org/0b3205a0-f399-4ed7-96a2-64402a0df90b_w1024_q10_s.jpg)
21
Өзін бесікке бөлеп отырған әжеге қарап жатқан Дархан.
![Құдағиы Дайрабай ағаға шапа жапты. Бесік тойда тек балаға емес, үлкендерге де сый-тарту жасайды.](https://gdb.rferl.org/3efd2cfd-b092-4250-860e-84ea9b0c5a90_w1024_q10_s.jpg)
22
Құдағиы Дайрабай ағаға шапа жапты. Бесік тойда тек балаға емес, үлкендерге де сый-тарту жасайды.
![Құдағиы Зылиха апаны да құр қалдырмады.](https://gdb.rferl.org/4b31ff47-cbc0-475c-9462-e38b695270f6_w1024_q10_s.jpg)
23
Құдағиы Зылиха апаны да құр қалдырмады.
![Дархан бесікке бөленіп болған соң әжелер қол жайып дұға жасады.](https://gdb.rferl.org/1811f223-34d0-4b0c-bb91-4fc88b758d48_w1024_q10_s.jpg)
24
Дархан бесікке бөленіп болған соң әжелер қол жайып дұға жасады.
![Дұға жасап отырған әже.](https://gdb.rferl.org/4b4d300a-d1bd-4e9f-97c3-a6eb43aff5ec_w1024_q10_s.jpg)
25
Дұға жасап отырған әже.