Өзбекстанның Науаи облысы Тамды ауданында тұратын қазақтар түйе бағып, сүтін сатады. Елдегі кейбір дімкәс адамдар мұндай түйешілерге арнайы барып, шұбат ішсе, бауыр дертіне шипасы тиеді деп сенеді. Азаттықтың фототілшісі Умида Ахмедова түйе баққан сондай отбасылардың біріне барып, шаруашылығын көріп қайтты.
Шұбат өндіретін Өзбекстан қазақтары
![Зарафшан маңындағы Тамды ауданындағы қазақтардың ішінде түйе ұстайтындары бар. Бұл өңірдегі түйе малы негізінен бір өркешті нар болып келеді. Жергілікті тұрғындар түйе сүті бауыр дертіне ем деп түйешілер ауылына арнайы келіп, шұбат сатып алады.](https://gdb.rferl.org/0fc958c9-771c-43f6-a31b-0c98f36b3196_w1024_q10_s.jpg)
1
Зарафшан маңындағы Тамды ауданындағы қазақтардың ішінде түйе ұстайтындары бар. Бұл өңірдегі түйе малы негізінен бір өркешті нар болып келеді. Жергілікті тұрғындар түйе сүті бауыр дертіне ем деп түйешілер ауылына арнайы келіп, шұбат сатып алады.
![Түйе сауатын Замира отбасымен суретке түсуге келісті. Түйеші қазақтардың сырт адамдармен кәсіптері туралы көп ашылып сөйлеспейтіні байқалады.](https://gdb.rferl.org/2c8ad210-b354-4ced-b2b2-cea32f9dfbb7_w1024_q10_s.jpg)
2
Түйе сауатын Замира отбасымен суретке түсуге келісті. Түйеші қазақтардың сырт адамдармен кәсіптері туралы көп ашылып сөйлеспейтіні байқалады.
![Замира інгенді ботасын салып идіріп барып сауып отыр.](https://gdb.rferl.org/38016f64-0f49-4256-b22f-44868a65e912_w1024_q10_s.jpg)
3
Замира інгенді ботасын салып идіріп барып сауып отыр.
![Сауыншы Айдана сүт толы қос шелегін қайқая көтеріп келеді.](https://gdb.rferl.org/7185a643-a34c-4990-a135-cd08fa2770e7_w1024_q10_s.jpg)
4
Сауыншы Айдана сүт толы қос шелегін қайқая көтеріп келеді.
![Сауыншы Айдана шелегін әп-сәтте толтырады. Ғасырлар бойы қалыптасқан қол сауын техникасын әбден меңгергені көрінеді.](https://gdb.rferl.org/5a75fad5-5b0b-4025-a248-fb0375f5b311_w1024_q10_s.jpg)
5
Сауыншы Айдана шелегін әп-сәтте толтырады. Ғасырлар бойы қалыптасқан қол сауын техникасын әбден меңгергені көрінеді.
![Жаңа сауған түйе сүті.](https://gdb.rferl.org/5ce8f0e5-9eed-4c83-a024-46ac3373e3b0_w1024_q10_s.jpg)
6
Жаңа сауған түйе сүті.
![Замираның ұлы Бақытбек. Түйешілердің балалары әке-шешелеріне жаз бойы қолғабыс етеді.](https://gdb.rferl.org/06bab1cc-f8fe-4425-8c1c-8970af35a353_w1024_q10_s.jpg)
7
Замираның ұлы Бақытбек. Түйешілердің балалары әке-шешелеріне жаз бойы қолғабыс етеді.
![Шешесіне түйе саууға көмектесіп жүрген Бақытбек сауын кезінде жануардың аяғын ұстап отыр.](https://gdb.rferl.org/a69f48bc-69af-40d3-8214-ab553e447855_w1024_q10_s.jpg)
8
Шешесіне түйе саууға көмектесіп жүрген Бақытбек сауын кезінде жануардың аяғын ұстап отыр.
![Бақытбек інісімен қора ішінде ойнап жүр.](https://gdb.rferl.org/1d47e7bd-9272-4a92-9575-0d733d52ba08_w1024_q10_s.jpg)
9
Бақытбек інісімен қора ішінде ойнап жүр.
![Боталарды енелері сауылып болғанша жеке ұстайды.](https://gdb.rferl.org/1782184b-5f38-4cd5-9013-07165c36229a_w1024_q10_s.jpg)
10
Боталарды енелері сауылып болғанша жеке ұстайды.
![Сауыннан кейін енесін тапқан бота.](https://gdb.rferl.org/dd2a505f-fa03-4988-b097-d6a24e2f170c_w1024_q10_s.jpg)
11
Сауыннан кейін енесін тапқан бота.
![Тойған ботаның түрі.](https://gdb.rferl.org/77441df2-ced6-4d27-80d4-629d29e6148f_w1024_q10_s.jpg)
12
Тойған ботаның түрі.
![Түйеші ауылдағы нан жауып жатқан әйел.](https://gdb.rferl.org/b49d139b-9996-4d57-a339-69f5781ff689_w1024_q10_s.jpg)
13
Түйеші ауылдағы нан жауып жатқан әйел.
![Сауыншы қазақ әйелдердің бірі - Жанар.](https://gdb.rferl.org/42e4f849-8770-4cfc-99b9-b1c60856434e_w1024_q10_s.jpg)
14
Сауыншы қазақ әйелдердің бірі - Жанар.
![Жанардың енесі.](https://gdb.rferl.org/ba210e77-8328-4d30-b34e-206325f6a69f_w1024_q10_s.jpg)
15
Жанардың енесі.
![Сауыншы Жанардың енесі немересін ұйықтатып отыр. Малды ауылдың кәнігі тіршілігі - осы. Ересек балалар - үлкендерге қолғанат, кішкентайлары - әжелеріне аманат.](https://gdb.rferl.org/d4c768e8-d597-48d1-af55-1788df24977e_w1024_q10_s.jpg)
16
Сауыншы Жанардың енесі немересін ұйықтатып отыр. Малды ауылдың кәнігі тіршілігі - осы. Ересек балалар - үлкендерге қолғанат, кішкентайлары - әжелеріне аманат.
![Қорадағы тайлақты шығарып жатқан бозбала. Зарафшанның Тамды ауданында мал баққан қазақтар саны жыл сайын азайып барады. Түйешілердің айтуынша, олар жаппай Қазақстанға көшіп жатыр.](https://gdb.rferl.org/dd9f27d3-7ac1-484f-8e20-998a5daf9e11_w1024_q10_s.jpg)
17
Қорадағы тайлақты шығарып жатқан бозбала. Зарафшанның Тамды ауданында мал баққан қазақтар саны жыл сайын азайып барады. Түйешілердің айтуынша, олар жаппай Қазақстанға көшіп жатыр.
![Бұл бозбала аты-жөнін айтқысы келмеді. Әке-шешесі оны "Қазақстанға кетпей өздеріне көмектесу қалған жалғыз жас жігіт" деп сипаттады.](https://gdb.rferl.org/7ca79fb2-54da-4e87-86e6-193287a2b0ae_w1024_q10_s.jpg)
18
Бұл бозбала аты-жөнін айтқысы келмеді. Әке-шешесі оны "Қазақстанға кетпей өздеріне көмектесу қалған жалғыз жас жігіт" деп сипаттады.