Accessibility links

Ұлыбритания "Роснефть" пен "Лукойлды" санкция тізіміне енгізді


Ұлыбритания 15 қазанда Ресейге қатысты санкция тізімін ұзартты. Бұл жөнінде хабарлама британ парламентінің сайтында жарияланды. Санкцияға "Роснефть" пен "Лукойл" ірі мұнай компаниялары енді.

Одан бөлек, "Ресейдің көлеңкелі флотына" қатысы бар 51 кеме және бірқатар банктерге қатысты да шектеу қойылды. Арасында Трансстройбанк, Примсоцбанк, ББР банк, Солид банк бар. Санкцияға сонымен бірге ресейлік ұлттық төлем карта жүйесі мен бірқатар жеке тұлғалар да ілінді. Жалпы санкция тізіміне 90 тұлға мен ұйым енгізілген, арасында қытай, үнділік және сингапурлық компаниялар бар.

Хабарламада "Роснефть" және "Лукойл" "Ресей үкіметіне стратегиялық маңызы бар энергетика секторында бизнес жүргізіп жатқаны" жазылған.

"Роснефть" мемлекеттік корпорациясы ЕО-ның да санкция тізіміне енгізілген. Ұлыбритания "Үлкен жетілік" елдер арасында "Лукойлға" қарсы санкция енгізген алғашқы ел. Қазір ЕО да оған қарсы шектеу қоюды қарастырып жатыр. АҚШ аталған компанияға санкция салған жоқ.

XS
SM
MD
LG