Украина күштері Оскол өзенінің астынан өтетін газ құбырын суға батырды. Осы құбыр арқылы Ресей әскері Купянскіге өткен.
Бұл жөнінде "Донбасс. Реалии" эфирі кезінде "АХИЛЛЕС" дрондар жүйесі 429-жеке полкының командирі Юрий Федоренко айтты. Оның сөзінше, орыс әскері осыған дейін Оскол өзенінен тезірек өту үшін осы құбырды пайдаланған, бірақ осы жайт анықталғаннан кейін Украина қарулы күштері құбырға соққы жасаған.
"Оскол өзені аумағына соққы жасалды, жай-жапсарын айтпай-ақ қояйын, себебі бәлкім, тағы да жалғастыру керек шығар. Бірақ қазір құбыр бітелді" деді Федоренко.
12 қыркүйекте Deep State мониторинг тобы Ресей әскері газ құбыры арқылы Оскол өзенінен өтіп, Купянскіге кіргенін хабарлаған. Ресей әскері осымен үшінші рет (Авдеевка мен Суджада пайдаланған) газ құбырларын Украина күштері бақылауындағы аумаққа ену үшін пайдаланып отыр.