Киев қаласының орталығындағы Лукьяновск тергеу абақтысында салынғанына 160 жылға жуық уақыт болған түрме ғимараты бар. "Катька" деген атауға ие болған абақтыда бұрын өмір бойы түрмеде отыруға немесе өлім жазасына кесілгендерді қамауда ұстайтын. Қазір есігіне мөр салынып, жабық тұрған ғимаратта жақында Украиналық әділет министрлігінің шақыруы бойынша "Гордон" басылымының тілшісі болып қайтқан
"Катька" - өлім жазасына кесілгендер қамауда болған түрме

1
Түрме ғимараты 19-ғасырда тұрғызылған

2
Бұл түрме "Катька" деп аталғанымен, Ресей патшайымы екінші Екатеринаға оның еш қатысы жоқ

3
2012 жылы осы түрмеде қамауда отырып шыққан Украина кеден қызметінің бұрынғы басшысы Анатолий Макаренконың айтуынша, "Катька" - Лукьяновск тергеу абақтысы кешеніндегі ғимараттардың ішіндегі ең тәуірі саналады

4
"Оның қабырғалары мықты, қыс мезгілінде камералары біршама жылы, ал жазда ыстықтан қиналмайсың", – дейді бұрынғы тұтқын

5
Лукьяновск тергеу абақтысын көптеген коррупциялық оқиғалармен, соның ішінде Украина пенитенциарлық жүйесі ішіндегі жанжалдармен байланыстырып атайды. Бұл мекеменің бұрынғы басшысы Сергей Старенькийдің айтуынша, мұндағы заңсыз ақша айналымының көлемі тәулігіне бір жарым миллион гривнаға, ал "ұрылар қоры" ("воровской общак") – жарты миллион долларға жетеді

6
2012 жылы журналист Константин Усов шығарған "№ 1 түрме" деректі фильмінде Лукьяновск тергеу абақтысындағы тұтқындарға жасалатын әлімжеттік пен коррупция туралы баяндалады

7
Фильм жарыққа шыққаннан кейін журналистке әлекімдер қоқан-лоқы көрсеткен

8
Әйткенмен фильмнің әсері болды, тіпті сол кездегі президент Виктор Янукович Бас прокуратураға тергеу абақтысына ауқымды тексеру жүргізуді бұйырған

9
Украина пенитенциарлық жүйесінің бұрынғы басшысы 2017 жылдың соңында берген сұхбатында тергеу абақтысы әлі күнге коррупцияның шырмауында екенін, ал түрме ішінде қылмыс әлемінің жетекшілері маңызды роль атқаратынын айтқан

10
Украинада Виктор Янукович билікке келген соң бұл тергеу абақтысында саяси негіздер бойынша сотталған тұтқындарды қамауда ұстаған. Макаренкодан басқа бұл түрмеде Юлия Тимошенко мен Украинаның қазіргі бас прокуроры Юрий Луценко да қамауда отырған