Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Абхазия соғысынан бері 25 жыл өтті
22 тамыз 2017 жыл, 18:31
1992 жылы тамыз айында Грузияның Абхазия аймағында этникалық қақтығыс қарулы ұрысқа ұласып, абхаз сепаратистерімен соғыс 13 айға созылған. Алайда бұл мәселе әлі күнге шешімін тапқан жоқ.
1
Абхаз соғысы СССР тарағаннан кейін болған ең ірі қақтығыстардың бірі болды. Сепаратистер (суретте) "абхаз халқын сақтау үшін" күресетіндерін жариялады. Грузиндер үшін ел аумағының тұтастығы маңызды еді.
2
Абхазия СССР-дің курортты аймақтарының бірі еді. Суреттен 1973 жылғы Абхазиядағы курортты көруге болады. Бұл жағалаулар совет элитасы келіп демалатын табиғаты әсем өңір саналатын. СССР тараған тұста курортты аймақ этникалық жағынан бөлшектене бастады.
3
1980 жылы түсірілген Абхаз ақсақалы мен профессордың суреті.
СССР орнаған кезде Абхазия тең құқықты республика болды. Бірақ 1931 жылы Иосиф Сталин Абхазияны Грузия құрамына қосты. Бұл сурет түсірілген тұста этникалық абхаздар Абхазия халқының 18 пайызы болған.
4
1989 жылы Грузия астанасы Тбилисиде болған қарсылық шеруін басуға келген Совет әскері. Грузиндер тәуелсіздік туралы ұрандар көтере бастаған кезде Абхазия да құқықтарын жиі айтатын болды.
5
1992 жылы тамыз айының ортасында, қарулы қақтығыстар басталған сәтте Абхазия курорттарынан ресейлік туристер елдеріне қашты. Грузияның ауыр әскери техникалары Абхазияға кірді.
6
Абхазия астанасы Сухумиге баратын жолда тұрған абхаз жасақтары. Грузиядан келген командирдің "ешкімді тұтқынға алмаймыз" деген сөзі мен грузин армиясы Абхазияның мәдени жәдігерлері сақталған ғимаратты атқылағаннан кейін абхаздар бұл соғысты ұлтты сақтау жолындағы күрес деп түсінді.
7
Сухумиге кірген Грузия әскері. Алайда Грузия әскері Сухумиде ұзақ тұрақтай алмады. Абхазияға шешендердің ислам террорлық ұйымдарымен байланысы бар содырлары, түрлі "еріктілер" "көмекке" келді.
8
Сухумиде қоян-қолтық ұрысқа қатысып жатқан сарбаздар. Абхаздарға Ресей көмек берсе, Грузия түрмедегі тұтқындарын соғысқа салды. Human Rights Watch ұйымының деректеріне
қарағанда
, қылмыскерлер түрмелерден Абхазиямен соғысу үшін босатылған.
9
Абхазия соғысы кезінде майдан шебінде жүрген ресейлік десант. Ресейдің бұл соғысқа араласуы өз ішінде көп дау шығарды. Мәскеу жария түрде Грузияны қолдаса, ресейлік командирлердің көбі абхаздарды жақтады. Кей
ақпаратқа
қарағанда, Ресейдің бір ұшақтары Сухумиде грузин әскерінің шебін бомбаласа, екінші ұшақтары Грузия әскеріне қару жеткізіп жатқан.
10
Оқ тескен үйінің жанында отырған бейбіт азамат. Соғыс қысқа ұласқанда, өз бетімен жүрген түрлі жасақтар ауылдарға шабуыл жасаған.
11
Соғыс кезіндегі "Абхазия баспасөз орталығы". Әлем назарын Югославиядағы соғыс аударып әкетіп, Абхазия соғысы қалтарыста қалды, бұл оқиғаны тек Ресей тілшілері хабарлап жатты. Батыс елдері Абхазия соғысын байқамады десе де болады.
12
Ресейдің қатысуымен бітім шарты жасалғаны хабаланардан сәл бұрын шегінген абхаз жасақтары.
13
Сухумидегі абхаз жасақтары. 1993 жылы шілде айында бітім жарияланғаннан кейін көптеген грузиндер соғыс бітті деп ойлап, үйлеріне қайтты. Алайда қыркүйектің ортасында абхаз жасақтары бітімді бұзып, Сухумиге шабуыл жасады.
14
Сухумиге басып кірген абхаз жасақтары. Осы суретті түсірген бетте ресейлік фотожурналист Андрей Соловьев снайпердің оғына ұшып өлді.
15
Сухумиді басып алғаннан кейін абхаз жасақтары қаладағы грузиндерді қоршап, қала сыртына алып шықты.
"
Сухуми қырғынынан"
кейін халықаралық қауымдастық Грузияны жақтады.
16
1993 жылы 5 қазан күні тау арқылы қашып келе жатқан грузин босқындары. Абхаз жасақтары Абхазия арқылы шығысқа жылжыды. Олар жолдарындағы 200 мыңдай этникалық грузиндерді үйлерінен қуып шықты.
17
Ингури өзеніндегі қираған көпірге қарап тұрған абхаз азаматы. 1993 жылы қыркүйекте Абхазиядағы этникалық грузиндер не мерт болған, не босып кеткен еді. Ал Ингури өзені екі ел арасындағы шекараға айналды.
18
Абхазия тұрғындары 2014 жылы "Тәуелсіздік күнін" атап өтіп жатыр. Абхазия соғысынан кейін халықаралық қауымдастық бұл елді мойындаған жоқ. 2008 жылғы Ресей-Грузия соғысынан соң Абхазияны Мәскеу тәуелсіз ел деп таныды. Ал Грузия президенті Михаил Саакашвили «Абхазия Грузияның ішкі мәселесі немесе Грузия мен Ресей арасындағы проблема емес, ол енді халықаралық қауымдастық пен Ресейдің арасындағы дау» деп мәлімдеді.
19
1992-1993 жылдары болған Абхазия соғысына қойылған ескерткіш. Батыс елдері Абхазияны Грузияның бір бөлігі деп таныса, Абхазияның өзі қазір Ресейге тәуелді болып қалған. Бұл елдің табысының көбі ресейлік туристерден немесе Кремль бөлген қаражаттан түседі.
20
Абхаз тауларында жүрген ресейлік турист. Абхазия қазір Ресей көмегіне риза, бірақ абхаздардың Кремльден сақтанатыны да байқалады. Азаттық тілшісімен сөйлескен абхаз азамат "егер Ресей Қырым сияқты аннексия жасаса, соғыс болады" деді.
Абхазия соғысынан бері 25 жыл өтті
Back to top
XS
SM
MD
LG