Accessibility links

Трамп авиадиспетчерлерден дереу жұмысқа шығуын талап етті


АҚШ президенті Дональд Трамп
АҚШ президенті Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп авиадиспетчерлерден елдегі шатдаунға қарамастан дереу жұмысқа шығуын талап етті. Ол демалыс алмай жұмыс істеп келгендерге 10 мың доллар көлемінде сыйақы беруді ұсынатынын, жұмысқа шықпағанның жалақысы қысқартатынын ескертті.

"Авиадиспетчерлер түгелдей ДЕРЕУ жұмысқа оралуға тиіс!!!" – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасына.

Ол сондай-ақ "шағым айтып, демалыс алуды ғана білетіндерге" көңілі толмайтынын білдірді.

"Егер жақын арада жұмыстан кеткілеріңіз келсе – ешқандай өтемақысыз кете беруге қымсынбаңыздар!" – деп жазды Трамп.

АҚШ-та орталық үкіметті қаржыландыру 1 қазаннан бері тоқтап тұр. Бұл ел тарихындағы ең ұзақ шатдаунға айналды. Шатдаун салдарынан мыңдаған федералдық қызметкер, соның ішінде авиадиспетчерлер де, бірнеше апта бойы жалақысыз қалды. Қызметкер жетіспегендіктен елдің ірі әуежайларында рейстер жаппай бөгелді я мүлде ұшқан жоқ.

Бұған дейін АҚШ-тың Федералдық азаматтық авиация басқармасы (FAA) әуекомпанияларына ұшу қауіпсіздігі мәселелеріне байланысты елдегі 40 ірі әуежайда күнделікті әуе рейстерінің 4 пайызын қысқартуға бұйрық берген еді. Бұл көрсеткіш 12 қарашаға дейін 10 пайызға жетуі мүмкін деген болжам айтылып отыр.

XS
SM
MD
LG