Әлемнің шартарабынан түсірілген фотосуреттерде Байқоңырдағы Гагарин ескерткіші, Грекия, Румыния мен Ресейдегі дәстүрлі мереке және Швейцариядағы шаңғы жарысы бейнеленген. Азаттық фотогалереяларын мына сілтемеден көре аласыз.
Гагарин ескерткіші, дәстүрлі мереке және шаңғы жарысы

1
Ауғанстанның Жалал-Абад қаласында жол бойында жеміс сатып тұрған адам.

2
Ресей Қазақстаннан жалға алған Байқоңыр ғарыш айлағында тұңғыш ғарышкер Юрий Гагаринге қойылған ескерткіш.

3
Украина астанасы Киевте сәулетші Владислав Городецкийдің мүсіні алдында ұйықтап отырған адам.

4
Православтар ауыз бекітетін қырық тәуліктің алғашқы аптасы басталар алдында өтетін дәстүрлі мерекелік шараға қатысушылар бір-біріне ұн шашып жүр. Галаксиди, Грекия, 10 наурыз 2019 жыл.

5
Румыниядағы Поплака ауылының жастары дәстүрлі діни шара кезінде. 10 наурыз 2019 жыл.

6
Ресейде интернет еркіндігін шектейтін заңға қарсы шеру өтіп жатқан жерден өтіп бара жатқан адам. Санкт-Петербург, 10 наурыз 2019 жыл.

7
Швейцарияда жыл сайын өтетін дәстүрлі шаңғы марафонына қатысушылар. 10 наурыз 2019 жыл.

8
Масленница мейрамы кезінде Манеж алаңында әртіс өнерін тамашалап тұрған адамдар. Мәскеу, 9 наурыз 2019 жыл.