Өткен аптада әлемнің шартарабынан түсірілген фотоларды ұсынамыз. Азаттық фотогалереяларын мына сілтемеден көре аласыз.
Әйелдер күні, Crew Dragon және Сталинді еске алу

1
Германиялық Salzgitter AG кәсіпорнының болат құю цехындағы жұмысшы.

2
Халықаралық әйелдер күніне арналған фотосессия. Екатеринбург, Ресей.

3
Сирияның Дейр-эз-Зор провинциясындағы "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы бақылайтын ауданнан қашып, күрдтер жетекшілік ететін Сирия демократиялық күштеріне келе жатқан жаралы бала көтерген әйел.

4
Халықаралық әйелдер күніне орай Кабулдағы Ауғанстан әйелдер ісі жөніндегі министрлігі ғимараты қабырғасына граффити салып жатқан суретшілер.

5
Украинаның шығысындағы Макеевка елді мекенінде "Масленица" мерекесіне жиналған тұрғындар.

6
Багхуз ауылы маңында жаралы анасының қасында отырған балалар. Дейр-эз-Зор провинциясы, Сирия.

7
Пәкістан полициясында қызмет атқаратын әйелдер Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы жаттығу кезінде.

8
Багхуз елді мекені маңында әйелдердің қасында тұрған бала. Дейр-эз-Зор провинциясы, Сирия.

9
Гератта таэквондо жаттығуына қатысып жатқан ауған қыздары. Ауғанстанда "Талибан" қозғалысы билікте болған кезде әйелдердің спорт және мәдени шараларға қатысуына тыйым салған.

10
Жаңадан салынған Чамлыджа мешітіндегі алғашқы намаз. Стамбул, Түркия.

11
АҚШ-тың SpaceX жекеменшік корпорациясы жасаған Crew Dragon кемесінің 3 наурызда Халықаралық ғарыш станциясынан түсірілген суреті.

12
Борегард қаласының тұрғыны дауыл қиратып кеткен үйінің орнын қарап жүр. Торнадо салдарынан 23 адам мерт болған. Алабама, АҚШ.

13
Ғазни уәлаятында қар кешіп келе жатқан адам. Ауғанстанның көп бөлігінде биыл қыс әдеттегіден суық болды.

14
Махаббат хан мешітінде ұйықтап жатқан адам. Пешавар, Пәкістан.

15
Фройденберг қаласындағы үйлердің кешкі мезгілдегі көрінісі. Солтүстік Рейн - Вестфалия аймағы, Германия.

16
СССР диктаторы Иосиф Сталиннің зираты басында оның портретін ұстап, селфи жасап жатқан адамның қасында тұрған қыз. 5 наурызда бірқатар коммунистік және солшыл ұйымдар өкілдері осыдан 66 жыл бұрын қайтыс болған Сталинді еске алып, Кремль іргесіндегі оның зиратына жиналды.

17
Венесуэла оппозициясының лидері Хуан Гуайдо ел астанасы Каракаста президент Николас Мадуроға қарсы шеруде сөйлеп тұр. Әлем елдерінің көбі Гуайдоны Венесуэланың уақытша президенті деп мойындаған.

18
Нагин көлінде қайықта отырған адамдар. Сринагар, Джамму мен Кашмир штаты, Үндістан.

19
Қытай Ұлттық халық конгресі ашылар қарсаңда Тяньаньмэнь алаңында ту көтеру рәсімін суретке түсіріп жатқан туристер. Пекин, Қытай.