Осы аптада әлемнің шартарабынан түсірілген фотоларды ұсынамыз. Азаттықтың фотогалереяларын мына сілтемеден көре аласыз.
"Аспазсыз" Ақ үйдің дастархан мәзірі

1
Ақ үйде АҚШ президенті Дональд Трамп "Клемсон Тайгерс" футбол командасының ойыншыларына дастархан жайды. Бірақ спортшыларға ыстық тамақ емес, фастфуд ұсынылды. Үкімет жұмысының жартылай тоқтауына байланысты Ақ үй аспаздары демалысқа шыққан. 14 қаңтар 2019 жыл

2
Кісі қолынан қаза тапқан серб саясаткері Оливер Ивановичтің суреті бейнеленген фреска жанынан адамдар өтіп барады. Саясаткерді 2018 жылы 16 қаңтарда қарулы топ кеңсе алдында атып кеткен.

3
Минскідегі опера және балет театрында өткен Жаңа жыл кешінде әртістер демалып отыр

4
Өрт сөндірушілер Киевтегі тарихи ғимараттардың бірінен шыққан өртті сөндіруге тырысып жатыр. 14 қаңтар 2019 жыл

5
Қалың қар басқан жолмен әрең жүріп бара жатқан әйел. Санкт-Петербург, 13 қаңтар 2019 жыл

6
Өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері ұшақ апаты болған жерде жұмыс істеп жатыр. Апта басында Иранда Boeing 707 жүк ұшағы құлап, 15 адам қаза тапқан. Бір адам аман қалған. 14 қаңтар 2019 жыл

7
Мәскеудегі саябақтардың бірінде ойнап жүрген бала

8
Грекия астанасы Афиныдағы мұғалімдердің наразылық шарасы. Олар қоғамдық сектордағы қызметке алу рәсіміне енген өзгерістерге қарсы.

9
Ағаштан қайық жасап жатқан шебер. Пәкістан, Карачи провинциясы.

10
Қаладағы қалың тұман. Қытайдың Цзянсу провинциясындағы Янчжоу қаласының төбеден түсірілген суреті.

11
Кабулдағы шабуыл кесірінен бұзылған үйлеріне қарап тұрған ауған тұрғындары. Шабуылда кемінде төрт адам қаза тауып, 100-ден астам адам жараланған, оны "Талибан" қозғалысы мойнына алды. 15 қаңтар 2019 жыл