Соғыс күйреткен Сирия
Before

After

Алеппо, көне қала
2010-2014
Ежелден келе жатқан Алеппо қаласының тарихи бөлігі, соның ішінде Омейядтар Ұлы мешіті (оң жақ суретте, төменде) қирандыға айналды.
Before

After

Дейр-эз-Зор қаласындағы көпір
2013-2014
Ефрат өзені арқылы 1920 жылдары салынған аспалы көпір де соғыс салдарынан жойылды.
Before

After

Әл-Арбаин, Хама қаласы
2010-2012
Соғыс барысында Сирияның батысындағы Хама қаласы үкімет әскері мен көтерілісшілер арасындағы кескілескен шайқас алаңына айналды. Оның зардабы әсіресе әл-Арбаин ауданында анық байқалады.
Before

After

Уайыс әл-Қарни мешіті, Ракка
2011-2014
Шииттер мешітін «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы содырлары 2014 жылы қиратып тастаған.
Before

After

Соук әл-Хал базары, Кобани
2014-2015
Сирияның солтүстігінде, Түркиямен шекарадан 400 метрде орналасқан Кобани қаласындағы Соук әл-Хал базары соғыс салдарынан толық жойылды.
Before

After

Әл-Хамиди сілемі, Хомс
2010-2014
Хомс қаласындағы Халид ибн әл-Уәлид мешітінің (суреттің жоғарыдағы оң жақ бөлігінде) аумағы Сирияда соғыс басталғалы бері шабуылға ең көп ұшыраған нысандардың біріне айналды.
Before

After

Заатари босқындар лагері, Иордания
2012-2013
Сирияда азаматтық соғыс басталғалы бері қаза тапқандар саны жүз мыңдап саналады. 270 мыңнан аса адам хабарсыз кеткен. Миллиондаған тұрғын өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Соғыс аймағынан қашқандардың көбі Иорданияның солтүстігіндегі Заатари лагерін паналаған. Қазір 80 мыңнан аса адам тұрып жатқан бұл жер босқын саны бойынша әлемдегі екінші ең үлкен лагерь болып саналады.