Стокгольм метросын (Stockholms tunnelbana) - «әлемдегі ең ұзын галерея» атайды. Метроның 100 станциясы бар.
Стокгольм метросының жерасты галереясы

1
Solna centrum станциясы жер бетінен 36 метр тереңге салынған. Станция қабырғалары қызыл, қара, жасыл түске боялған және 1970 жылдары Швецияда өзекті болған әлеуметтік, экологиялық проблемаларға арналған суреттермен безендірілген.

2
Kungstradgarden («Король бақшасы») станциясы жер бетінен 34 метр тереңде жатыр. 1970 жылы станция салына бастағанда жергілікті жұрт ағаштарды отамау туралы талап қойып, наразылыққа шыққан еді. Станцияны 1977 жылы ашты. Оның есігі ағаштар өсіп тұрған жерден емес, басқа жақтан шығарылды. Суретші Ульрик Самуэльсон станцияны безендіргенде жерасты бағы образын таңдап алған.

3
T-Centralen - метроның үш желісі тоғысатын жалғыз станция. Станция 1975 жылы 79-бекет болып ашылды. Бекет жер бетінен 26-32 метр тереңдікте орналасқан. Бұл жерде бірнеше танымал суретшінің қолтаңбасы бар.

4
Kungstradgarden станциясының платформасы.

5
Tensta бекеті 1975 жылы ашылған. Тереңдігі - 20-22 метр. Суретшісі - Хельга Геншен. Ол әлем тілдерінде түрлі сөздер жазған, гүлдер мен жануарларды салған. Платформада 18 тілде «Ынтымақтастық» (Солидарность) сөзі жазылған.

6
Kungstradgarden станциясының есіктерінің бірі.

7
Стокгольм метросынан түрлі-түсті эскалаторларды жиі көруге болады.

8
Stadion станциясындағы "кемпірқосақ". Бекет 1973 жылы ашылған. Тереңдігі - 25 метр.

9
Tekniska hogskolan бекеті жартас түрінде безендірілген. 1973 жылы ашылған бұл станцияның "тақырыбы" табиғат күштері болған.

10
Rådhuset бекеті қала ратушасының құрметіне жасалған. 1975 жылы пайдалануға берілген бекетті себеттер мен отындар, аяқ киімдермен безендірген.

11
Kungstradgarden станциясының есіктерінің бірі.

12
Kungstradgarden станциясындағы өткел.
ПІКІРЛЕР