Accessibility links

Сенат Жоғарғы соттың үш судьясын қызметтен босатты


Бейсенбі күні пленарлық отырыста президенттің ұсынысы қаралып, Жоғарғы соттың үш судьясы қызметінен босатылды. Бұлар: Ғабит Әлжанов, Роза Жакудина және Тыныштық Молдахметов.

Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов олардың 30 шақты жыл еңбек етіп, құрметті демалысқа лайық екенін атап өтті. Сенат президенттің ұсынысын бірауыздан қолдап, судьялар қызметінен босатылды.

Қазақстан Жоғары сотының судьяларын президенттің ұсынысымен сенат тағайындайды және қызметінен босатады. Жоғарғы сотта 65 судья бар.

XS
SM
MD
LG