Accessibility links

Сәтбаевта терроризмдi насихаттады деп айыпталған адам 5 жылға сотталды


Сәтбаев қаласына кіреберістегі жазу
Сәтбаев қаласына кіреберістегі жазу

Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық соты "Терроризмді насихаттау" (Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлігі) айыбы тағылған азаматты кінәлі деп тауып, бес жылға еркіндігінен айыру туралы үкім кескен. Үкім заңды күшіне енген. Мұндай ақпаратты 22 қыркүйек күні облыстық прокуратура жариялады.

Алайда ресми хабарламада үкімнің шыққан күні мен сотталған адамның аты-жөні көрсетілмеген, сотталушының тағылған айыптарды мойындағаны-мойындамағаны айтылмаған.

"Сотта анықталғандай, сотталушы ауызша уағыздар айтып, бұрмаланған діни мәтіндерді мысалға келтіріп, қала тұрғындарының санасына әсер етіп, оларды радикалды идеологияға бейімдеуге тырысқан", – деп жазды прокуратура, алайда сотталушының я оның қорғаушыларының сөзін я ұстанымын келтірмеген.

  • 16x9 Image

    Кенжебек НҰРҚАСЕНҰЛЫ

    Кенжебек Нұрқасенұлы - 1967 жылы туған. Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған.
    Семейдегі «ТВК-6» телеарнасында, «СолDAT» газетінде, «Қазақ тарихы» журналында жұмыс істеген. Азаттық радиосында 2001 жылдан бері еңбек етеді. 

XS
SM
MD
LG