27 тамызда Мәскеу түбіндегі Жуковский әуежайында ашылған халықаралық авиациялық және ғарыш көрмесінде Ресей президенті Владимир Путин осы елге сапармен келген Түркия президенті Режеп Ердоғанға ресейлік әскери ұшақтарды таныстырды.
"Мұны сатып алуыңызға болады". Путин Ердоғанға әскери ұшақтарды таныстырды

1
Жуковский әуежайындағы МАКС-2019 халықаралық көрмесінің ашылуы кезінде әуеде топтаса ұшып өткен төрт ресейлік Су-57 әскери ұшағы.

2
Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Режеп Ердоған ресейлік Сухой зауыты құрастырған жаңа буындағы Су-57 әскери жойғыш ұшағын көруге бара жатыр. АҚШ шілде айында Түркияға радарға көрінбейтін америкалық F-35 әскери ұшағын сатудан айнып қалған. Оған Түркияның Ресейден С-400 зенитті зымыран кешенін сатып алу туралы шешімі себеп болған. Вашингтон Ресей бұл зымыран кешенінің көмегімен АҚШ-тың радарға көрінбейтін ұшағында қолданылған озық технологияның қыр-сырын біліп қояды деген уәж айтқан.

3
"Интерфакс" жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, Ердоғанның "Су-57 ұшағын сатып алуға бола ма?" деген сұрағына Путин: "Сатып алуыңызға болады" деп жауап берген.

4
Жуковскийдегі көрмеде тұрған Ресейлік Ми-28НЕ ("Түнгі аңшы") тікұшағы.

5
Дыбыстан да шапшаң ұшатын "Су-47" ("Бүркіт") әскери ұшағы. Сухой зауыты бұл ұшақтың тәжірибелік нұсқасын ғана жасап шығарған, алайда ондағы технологияның бір бөлігі Су-57 ұшағын құрастырған кезде пайдаланылған.

6
Ресейлік "Орион-Е" әскери дроны.

7
Көрмеге келгендер ресейлік Ансат тікұшағының қасында тұр.

8
Ресейлік МИГ әскери ұшағы МАКС-2019 көрмесінде.

9
Ресейлік MC-21-300 жолаушы ұшағы.