Петербургте Қазақстан азаматы "Питер FM" радиосының кеңсесіне кіріп, соғысқа қарсы ұрандар айтып, айқайлаған. Оны ұстады деп жазды «Фонтанка» және 78.ru сайттары.
Оқиға 15 қазанда таңертең болған. Ер адамның аты Нұрлан, 52 жаста. Ол туристік мақсатта Ресейге тамыздың соңында Шереметьево әуежайы арқылы ұшып келген. Петербургте хостелде тұрған.
Ұсталған адам полиция бөлімшесіне жеткізілген, оның үстінен "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған. «Фонтанка» сайтының жазуынша, әзірге қылмыстық іс қозғалмаған, бірақ қазір сол жағы қарастырылып жатыр.
2025 жылы көктемде Қазақстанда ресейлік пропагандистік Sputnik Казахстан ресурсы төңірегінде дау болған. Сайт Ресейдің Украинаға қарсы соғысына қатысқан қазақстандықтың "ерлігі" туралы жазған еді. Бұл наразылық туғызып, әлеуметтік желіде қызу талқыланды.
Қазақстандық журналист Лұқпан Ахмедияров бұл заңға қайшы екенін (Қазақстан Қылмыстық кодексінің 256-бабы "Терроризмді насихаттау" немесе 164-бабы "Соғысты насихаттау") айтқан.