Accessibility links

Қарағанды облысында дәмханадағы өрттен екі адам қаза болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

13 желтоқсанға қараған түні Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты станциясында дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, соңы өртке ұласты. Өрттен екі адам қаза болды. Бұл жөнінде төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

"Нақты мәлімет бойынша оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, 11 адам аудандық ауруханаға медициналық көмек көрсету үшін жеткізілді" деді ведомство өкілдері.

Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер жасағы ашық алауға кезігіп, осы жайт өртті сөндіруді қиындатқан. Газ баллоны жарылған кезде 200 шаршы метр аумақта жабын конструкция құлаған. Министрлік түнгі сағат бір жарымда өрт оқшауланғанын, 3-ке таман өрт толық сөндірілгені туралы хабарлады. Қазір үйінділерді аршу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әзірге толық емес ақпарат бойынша, өртке "газбен жабдықтау жүйелерін, оның ішінде тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану талаптарының бұзылуы" себеп болған.

XS
SM
MD
LG