16 қазан күні Бурабайда өткен ТМД елдері басшыларының кездесуінде президенттер хаттама бойынша суретке түсті. Ал оларды ел билеген жылдарының ұзақтығы бойынша "тұрғызсақ", төмендегі суреттегідей болады.
Ұзақ жылдар ел билеген ТМД президенттері

1
Бұл сандар президенттердің немесе премьерлердің ел басқарған жылдарын көрсетеді. Мерзімдер дөңгелектеп берілді. Кездесуде Молдова мен Түркіменстан президенттері болмады. Ал Украина өкілі суретке түспеді. Коллаж идеясы @golub-ке тиесілі. Ол мұны Kremlin.ru сайтындағы суреттен жасаған. Ал Түркіменстан президенті Бердімұхамедовтің суретін Jonas Steinhöfel (CC BY-SA 2.0) түсірген. Молдова басшысы Тимофтидің суреті Киевтегі АҚШ елшілігінен алынған.