Өкпе-реніш адам өміріне қалай әсер етеді? Ата-анаға, туысқанға деген өкпеден қалай арылуға болады?
Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының үшінші эпизодында өкпе-реніштің адам өміріне әсерін талқыладық. Өкпе-реніш адам өміріне қалай әсер етеді? Өкпе-реніштен қалай арыламыз? Өкпе-реніштен арылсақ өміріміз жеңілдей ме? Ата-анаға деген өкпе ренішті қалай кешіреміз? Бұл сауалдарға 21 жылдық тәжірибесі бар гештальт терапевт, практик психолог Ләззат Нұрпейісова жауап береді. Подкаст авторы – Азаттық тілшісі әрі психологияны екінші мамандығы ретінде оқып жүрген Руслан Меделбек. Подкасты Apple Podcast, Spotify платформаларынан да тыңдай аласыз.