Өткен аптада әлемнің шартарабынан түсірілген фотоларды ұсынамыз. Азаттықтың фотогалереяларын мына сілтемеден көре аласыз.
Жезқазғанға қонған экипаж және Ресейдегі "метеор жауыны"

1
"Метеорлар жауыны". Ресейдің Владивосток қаласы маңында түсірілген көрініс.

2
Парламенттік сайлауға қатысатын үміткер, ауған журналисі Салеха Соадаттың суретін ұстап тұрған ауған әйелі. Ауғанстан, 11 қазан 2018 жыл

3
Ахмадабад маңындағы кәсіпорында болған өртті сөндіруге жанталаса кіріскен өрт сөндіруші. Үндістан, 11 қазан 2018 жыл

4
"Союз МС-10" кемесінен ақау шығып, Жерге оралуға мәжбүр болған экипаж мүшелерін құтқаруға кіріскен топ. Жезқазған қаласы, 11 қазан 2018 жыл

5
АҚШ-тың Флорида штатындағы "Майкл" дауылы

6
АҚШ-тың Флорида штатындағы "Майкл" дауылының салдары

7
Киевтегі қару-жарақ және әскери көрмесіне барған бала

8
Косоводағы "Прайд" парады

9
Македония астанасы Скопьедегі ескі түрік базарында өткен өнер көрмесіне қойылған инсталляция

10
Байқоңыр маңында ойнап жүрген балалар

11
Мәскеу орталығында болған күзгі фестивальға қатысушылар

12
Шешенстанға жер беруге қарсы митингіге қатысқан Ингушетия тұрғындары. 7 қазан 2018 жыл

13
Кашмирдегі гүл сатушылар Дал көлінде қайықпен кетіп барады

14
11 қазанда двигателі істемей қалып, экипаж мүшелері Жерге оралуға мәжбүр болған "Союз МС-10" зымыраны ұшу алдында. Бұл оқиғадан кейін арнайы комиссия "Союз" зымырандарын шығаратын Ресейдің Самара қаласындағы кәсіпорынды тексеретінін мәлімдеді

15
Мәскеудегі кафелердің бірінің кіре берісінде жасанды аю қонақтарға арақ ұсынып тұр

16
Украинада өртенген қару-жарақ қоймасы маңында тұрған ескі көлік

17
Израиль азаматтары жағажайда волейбол ойнап, тынығып жүр. Дәл осы сәтте Израиль-Газа шекарасы маңында палестиналықтар наразылық акциясын өткізіп, резина дөңгелектерді отқа жақты. Наразылық шарасы өтіп жатқан аумақтан қара түтін көтерілді.

18
Күзгі бояу. Венгрия, 9 қазан 2018