15-23 қаңтар аралығында әлемнің шартарабынан түсірілген фотоларды ұсынамыз. Азаттықтың фотогалереяларын мына сілтемеден көре аласыз.
Әлем айшықтары
1
Үндістанның Калькутта қаласындағы базардан шыққан өртті сөндіру үшін баспалдақпен жоғары шығып бара жатқан сатушылардың бірі. Калькутта базарындағы өрттен екі адам қаза тапты.
2
Ресей президенті Владимир Путин Шоқыну мерекесінде суға түсіп жатыр.
3
Минсктегі парктердің бірінде қырау басқан құлыптар.
4
Сирияның Дума қаласындағы ауруханалардың бірінде оттегі маскасымен демалып жатқан бала. БҰҰ Шығыс Гута аймағына химиялық қарудан шабуыл жасалғанын хабарлаған.
5
АҚШ вице-президенті Майк Пенс Иерусалимдегі Батыс қабырғада тәу етіп тұр. Пенс "АҚШ Иерусалимді Израиль астанасы деп таниды" дегенді тағы қайталады.
6
22 қаңтарда Украина тұрғындары Бірлік күнін тойлады.
7
Жапониялық теннисші Наоми Осака Australian Open (Австралия ашық чемпионаты) жарысында ойнап жатқан сәт.
8
Ресейдегі АҚШ елшісі Джон Хантсман Шоқыну мерекесінде Мәскеу маңындағы Истра қаласында суға түсіп жатыр.
9
Кабулдағы қонақ үйден секіріп жатқан ер адам. 21 қаңтарда Intercontinental қонақ үйіне "Талибан" содырлары шабуыл жасап, 20 астам адам мерт болған. Арасында Қазақстанның бір азаматы бар.