Ресейлік фотожурналист Сергей Пономарев "Жаңалық суреттері" номинациясы бойынша Пулитцер жүлдесін алды. Пономаревпен бірге бұл жүлде Маурисио Лима, Тайлер Хикс және Дэниел Эттер сияқты фотографтарға да берілді. Олардың New York Times газеті мен Exodus жобасы үшін түсірген суреттері босқындардың өмірін көрсетеді.
Пулитцер лауреаты Сергей Пономарев

1
Грекияның Лесбос аралына жеткен мигранттар.

2
Мигранттар Венгрия шекарасын бұзып өтпекке тырысқан кезде полиция көзден жас ағызатын газ бен су шашты. Суретте: осы оқиға кезінде баласын көтеріп келе жатқан босқын.

3
Хорватия астанасы Загребке кетіп бара жатқан пойызға отыруға тырысқан босқындар.

4
Словениядағы босқындарды тіркеу лагерінде тәртіп қадағалап жүрген атты полиция.

5
Словениядағы босқындар лагеріне полиция күзетімен кетіп бара жатқан босқындар.

6
Журналистикадағы беделді жүлде лауреаттарын жариялау салтанаты Колумбия университетінде өтті.

7
Сергей Пономарев өзінің Facebook парақшасында "Бәріңізге көп рахмет. Пулитцер - демалыссыз, үзіліссіз жұмыс істейтін журналистика саласындағы жүлде. Біз оны босқындармен бірге жүргеніміз үшін емес, фотографияларымыз үшін алдық, мыңдаған километр жүріп өткенде журналист болып қалғанымыз үшін, билік пен босқындарға тең қарағанымыз үшін алдық" деп жазды.
ПІКІРЛЕР