Айдың толысқан сәті, мысықтар мен үйректердің тамаққа таласы, Қара теңіздегі морждар және Ресей аннексиялап алған Қырым түбегінде түсірілген өзге де суреттер. Азаттықтың Крым.Реалии сайтының фотогалереясы
Қырымдағы қыс көріністері
1
Қырымдағы Молочный кенті жанындағы алып радиотелескоптың жанынан түсірілген толған Айдың фотосуреті
2
Перевальный елдімекені маңындағы "Қызыл-Қоба" саябағында нан үзіп беріп отырған адамның қолындағы азыққа бір-бірімен таласа-тармаса ұмтылған мысықтар мен үйректер
3
Артекте Жаңа жыл мерекесін тойлау, Ялта
4
Қырым тауларындағы Гаспра-Боғаз соқпағы.
5
Суда жүзіп жүрген үйректер.
6
Симферополь қаласындағы жол жөндеу жұмыстары.
7
Қызыл үңгір маңындағы Қызыл Қоба өзенінің мұздай суына қыстыгүні де түсетіндер бар.
8
Ай-Петри тауында.
9
Иса пайғамбардың туған күні - Рождество мерекесі кезінде Евпаторияда теңіз суына шомылып жүрген адамдар.