Accessibility links

Қырым зейнеткері үйін музейге айналдырды

Қырым зейнеткері Аким Гиясов ұлдарымен бірге үйін ашық аспан астындағы этнограциялық музейге айналдырған. Оның үйі өте ескі - 200 жылдан астам уақыт бұрын салыныпты. Гиясов оны Орталық Азиядан тарихи отанына оралған соң сатып алған. Аким Гиясовқа бұрын үйін сүріп тастап, жаңа үй салуға кеңес берген. Бірақ ол келіспеген.

"Кейіннен ұлдарымның өздері музей ісіне көмектесетін болды. Үй мен тас қоршау черепица-"татаркамен" жабылған". Ол да өте ескі. Тіпті түпнұсқа араб өрме жазуы да бар" дейді Гиясов.

Аким Гиясовтың "музейінен" ескі тиындар, жебе ұштары, екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қару-жарақтарды көруге болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG