Алматыдағы «Римон» еврейлер қауымдастығы орталығында Пе́сах тақырыбына балалар салған сурет конкурсы ұйымдастырылды. Сурет салып болған соң балалар еврейлердің қасиетті дәмі - ұннан жасалған маца шелпегінен ауыз тиді. «Мицва» ассоциациясы кітапханасында егде жастағы адамдар мерекелік дастархан басына жиналды. Алматы, 5 сәуір 2015 жыл.
Алматыдағы Пе́сах мейрамы
Алматыда бүгін еврейлер Пе́сах мейрамын атап өтті. Азаттық тілшісі Қазақстандағы еврей ұлттық ұйымдарының «Мицва» ассоциациясы ұйымдастырған Пе́сах мерекелік шарасына қатысты.
![Балалар саусақпен сурет салып отыр.](https://gdb.rferl.org/d2a3b12b-5fbc-4b42-b6d4-bf58b83858a3_w1024_q10_s.jpg)
1
Балалар саусақпен сурет салып отыр.
![Пе́сах тақырыбына арналған сурет конкурсына қатысушы балалар.](https://gdb.rferl.org/fcfe7fd9-bf97-421d-afe0-6e7cf5fdba74_w1024_q10_s.jpg)
2
Пе́сах тақырыбына арналған сурет конкурсына қатысушы балалар.
![Бүлдіршіндер қылқаламмен сурет салып көріп жатыр.](https://gdb.rferl.org/370c054d-65bf-4115-bc6a-dafb8e326c41_w1024_q10_s.jpg)
3
Бүлдіршіндер қылқаламмен сурет салып көріп жатыр.
![«Римон» еврейлер қауымдастығы орталығы директоры Инесса Чугайнова мацаға арналған шоколадты пешке қыздырып тұр.](https://gdb.rferl.org/b039f5d7-8b3c-432d-b0f6-db2f4c3a1b61_cx0_cy3_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
4
«Римон» еврейлер қауымдастығы орталығы директоры Инесса Чугайнова мацаға арналған шоколадты пешке қыздырып тұр.
![Балалар шоколад жағылған маца жеп отыр.](https://gdb.rferl.org/45cf0fa7-e9a6-4415-87a5-3ada80edb4db_w1024_q10_s.jpg)
5
Балалар шоколад жағылған маца жеп отыр.
![Қабырғада: «Еврей қауымдастығы орталығына ғимаратты Қазақстан еврейлері конгресінің президенті Александр Машкевич сатып әперген» деп жазылған.](https://gdb.rferl.org/401221fb-a493-4be9-9f69-19020415fd82_cx0_cy7_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
6
Қабырғада: «Еврей қауымдастығы орталығына ғимаратты Қазақстан еврейлері конгресінің президенті Александр Машкевич сатып әперген» деп жазылған.
![«Мицва» ассоциациясы кітапханасында егде жастағы адамдар мерекелік дастархан басына жиналды.](https://gdb.rferl.org/aa99946a-c53b-497a-8dba-ed5d43cd3c04_w1024_q10_s.jpg)
7
«Мицва» ассоциациясы кітапханасында егде жастағы адамдар мерекелік дастархан басына жиналды.
![Қазақстандағы еврей ұлттық ұйымдары «Мицва» ассоциациясының президенті Александр Барон.](https://gdb.rferl.org/041296c4-b9e7-4482-ba40-2e12485cc9ea_w1024_q10_s.jpg)
8
Қазақстандағы еврей ұлттық ұйымдары «Мицва» ассоциациясының президенті Александр Барон.
![Қазақстандағы еврей ұлттық ұйымдары «Мицва» ассоциациясының кітапханасы. «Мицва» президенті Александр Баронның айтуынша, Қазақстандағы өзге ұлттық орталықтардың кітапханаларымен салыстырғанда ең ірісі осында орналасқан.](https://gdb.rferl.org/c617a4f9-8d5c-4819-8e4f-a8c08c0082dc_w1024_q10_s.jpg)
9
Қазақстандағы еврей ұлттық ұйымдары «Мицва» ассоциациясының кітапханасы. «Мицва» президенті Александр Баронның айтуынша, Қазақстандағы өзге ұлттық орталықтардың кітапханаларымен салыстырғанда ең ірісі осында орналасқан.