Парижде Лувр музейі тоналды. Бұл жөнінде Францияның мәдениет министрі Рашида Дати мәлімдеді. Оқиға бүгін таңертең болған. Музей қызметкерлері зардап шекпеген.
Le Parisien дерегнше, музейді үш ер адам тонаған. Олар ғимаратқа құрылыс жүріп жатқан аумақ арқылы еніп, лифтімен көтеріліп, терезені шағып, Аполлон галереясына кірген.
Басылым дереккөзінің жазуынша, қылмыскерлер Наполеонның қымбат заттарын - моншақ, алқа, тиар және өзге де зергерлік бұйымдарын алып кеткен.
Лувр музейі – әлемде туристер ең көп баратын орын. Жыл сайын оған шамамен 9 млн адам барады.