Accessibility links

Өзбекстандық хирургтар сиам егіздерін ажыратты


Жаңа туған нәрестелерді ұстап тұрған анасы мен дәрігерлер.
Жаңа туған нәрестелерді ұстап тұрған анасы мен дәрігерлер.

Ташкент облысында дәрігерлер сиам егіздерін ажырату бойынша күрделі ота жасады. Бұл жөнінде Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Операция олар туылғаннан кейін 9 сағаттан кейін жасалып, бес сағатқа созылған.

"Жүктіліктің 33-34 аптасында кесарь тілігі арқылы мерзімінен бұрын туылған сиам егіздері туылғаннан кейін бар болғаны 9 сағатта – өте күрделі хирургиялық ота арқылы сәтті ажыратылды" деп жазылған хабарламада.

Отаны Ташкент облысында медицина ғылымдарының докторы, профессор, Республикалық перинаталдық орталық жанындағы неонаталдық хирургия орталығының меңгерушісі Бахтиер Ерғашевтың жетекшілігімен Ана мен бала республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық медициналық орталығының Шыршық қаласындағы Ташкент облыстық бөлімшесінде білікті мамандар жасаған.

"Бұл өте ерекше хирургиялық процедура. Шұғыл жағдайда туа біткен ауытқулары бар егіздерді сәтті ажыратылуы отандық медицинаның әлеуетінің жаңа даму деңгейіне көтерілгенінің айқын дәлелі" деді денсаулық сақтау министрі Асылбек Худаяров.

Министр отаға қатысқан мамандар тобына "Өзбекстан республикасы денсаулық сақтау саласының үздігі" белгісін беруді тапсырған.

Егіздердің жағдайы қалыпты деп айтылады. Оларды анасымен бірге үйлеріне жіберген.

XS
SM
MD
LG