Accessibility links

Өзбекстанда 2022 жылдан бері "шетелдегі соғысқа қатысқандарға" қарсы 338 қылмыстық іс қозғалған


Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметі деген жазуы бар футболка киген адам. Көрнекі сурет.
Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметі деген жазуы бар футболка киген адам. Көрнекі сурет.

Өзбекстанда 2022 жылдан бері "шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысқандарға" қарсы "жалдамалылық" бабы (154-бап) бойынша 338 қылмыстық іс қозғалған. Бұл жөнінде Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметі шығарған фильмдегі дерекке сүйенген Gazeta жазды.

Өзбекстан арнайы қызметінің мәліметінше, 2022 жылдан бері осы бап бойынша – 19 іс, 2023 жылы – 68, былтыр – 112, ал биыл жыл толық бітпей жатып 139 іс қозғалған.

Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, бұл азаматтар діни-экстремистік және халықаралық террористік ұйымдарға немесе шетелдің әскери құрылымдарына тиесілі ұйымдарға жалдамалы әскери қызметкер ретінде қосылған.

Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің осы жөнінде шығарған фильмінде нақты қай соғысқа қатысқаны айтылмайды. Бұған дейін жергілікті БАҚ Украинада Ресей жағында соғысқан азаматтардың сотталғанын хабарлаған.

Өзбекстанның қанша азаматы Ресей әскері қатарында соғысып жатқаны туралы нақты мәлімет жоқ. Өзбекстан билігі мұндай деректерді ресми түрде жариялаған жоқ. Украиналық мемлекеттік "Хочу жить" жобасы 2025 жылы қазанда "кемінде 2715 өзбек азаматы Украинаға қарсы соғыста соғысқаны немесе қазір шайқасып жатқаны" белгілі екенін хабарлаған. Жобаның дерегінше, 2023 жылы Ресей жағында 498 өзбек азаматы соғысса, 2025 жылдың алғашқы жартысында бұл көрсеткіш 1300-ге жуықтаған.

XS
SM
MD
LG