Осы аптада Қырғызстанның Қыршын жайлауында этноқалашық ашылды. Азаттық тілшісі Аммон Шаппл көшпенділер фестиваліне барып, түрлі қойылымдарға куә болып қайтқан еді. Шағын фотогалереяны тамашалаңыздар.
Қыршын жайлауындағы көшпенділер қалашығы

1
Көшпенділер фестивалін өткізу үшін Қырғызстанның Ыстықкөл ауданындағы Қыршын жайлауында ондаған киіз үй тігілді

2
Қыршын жайлауындағы этноқалашықтың ашылуына бет алған жастар

3
Көшпенділер фестиваліне жиналғандарға түрлі қойылым көрсетілді. Солардың бірі - "Семсерлесу"

4
"Қыз қуу"

5
Шауып бара жатып ат үстінде тік тұрған ойыншылар

6
Көшпенділер ойынын көруге жиналған жұрт. AFP дерегінше, шараны көруге шетелден шамамен 1000 турист келген

7
"Жекпе-жек". Найзаласқан кезде ойыншылардың шын жарақат алғанын немесе жасанды түрде кейіп танытқанын шаңды ортада айыру өте қиын.

8
Көпшілік ашылу рәсіміне қатысып жатқанда кейбір жергілікті тұрғындар балаларын мынадай жасанды көлшікке әкеліп, қызықтап жүрді.

9
Музыканттармен ән шырқап тұрған әнші

10
Қыршын жайлауындағы адамдар тарай бастаған кезде күнге қыздырынып отырған тұрғындар

11
Арқан үстінде трюк көрсетіп тұрған жас өнерпаз

12
Ұлттық киім киген қырғыздар

13
Екі садақшы

14
Жайлауда қонған кейбір қонақтарға қызмет етіп жүрген әйел

15
Келесі төртінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2020 жылы Түркияда өтеді