АҚШ пен Канада шекарасында болған қатты аяз салдарынан Ниагара сарқырамасында су қатып, алып мұз пайда болды. Сарқырамадағы ауа температурасы минус 30 градусқа дейін төмендеген. Америкалық метеорологтар аяздың беті әлі қайтпайды деген болжам айтады.
Ниагара сарқырамасы мұзға айналды

1
Қатты аяз салдарынан Солтүстік Америка құрлығындағы ең ірі Ниагара сарқырамасында ішінара мұз қатқан.

2
Ақ қар мен көк мұз басқан бұл аймақ қазір ертегідегі "Мұз сарайына" ұқсайды.

3
Әйткенмен сарқырама суы толығымен қатқан жоқ.

4
Табиғаттың сирек құбылысын тамашалауға келген адамдар оны суретке түсіріп алуға тырысады.

5
АҚШ-тың Нью-Йорк штаты мен Канаданың Онтарио аймағының шекарасында орналасқан Ниагара әлем бойынша ені ең үлкен сарқырама саналады.
ПІКІРЛЕР