Accessibility links

"Немолчи" қоры: Ақтауда жасөспірімдер оқушыны зорлап, күш көрсеткен


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

"Немолчи" қорының жазуынша, Ақтауда жасөспірімдер 13 жасар қызды зорлап, күш көрсеткен. Қордың мәліметінше, олар жүйелі түрде оқушы қызға буллинг те жасап, моральдық қысым көрсетіп отырған.

Қор өкілдерінің айтуынша, жасөспірімдер қыз баланы ұрған, намысына тиген, қорлаған. Жәбірленушінің қолына кеңсе пышағымен қорлайтын сөз жазған.

Қорға оқушы қыздың анасы шыққан. Ол қыркүйек айында полицияға шағым түсіргенін, алайда тергеу созбалақтап кеткенін айтқан. "Зорлау" бабымен іс қозғалғанмен күдіктілердің ешқайсысы тергеуге алынбағанға ұқсайды.

Осы оқиғадан кейін қыз бала депрессияға ұшырап, мектепке баруын қойған, қазір дәрі қабылдап жатыр.

Қор бас прокуратура мен Маңғыстау облыстық полициясы мен прокуратурасы, бала құқығын қорғау комитетін істі бақылауға алуға шақырған. Олар Ақтауда осы іс бойынша адвокат керек екенін де жеткізді.

24 желтоқсанда Азаттық Маңғыстау облыстық полициясының баспасөз қызметіне хабарласқанмен әзірге жауап ала алмады. Orda жазуынша, Маңғыстау полициясы тергеу жүріп жатқанын растаған.

XS
SM
MD
LG