30 қыркүйек 1938 жылы Ұлыбритания, Франция, Германия және Италия басшылары Адольф Гитлер басқаратын нацистік Германияға Чехословакияның немістер көп тұратын Судет аймағын қосуды мақұлдайтын келісімге қол қойды. Еуропада бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 20 жыл толған кез еді. Бірақ Мюнхен келісімі Гитлердің басқыншылық саясатын тоқтата алмады. 1939 жылы наурызда Чехословакияның қалған бөлігін басып алған Германия сол жылы 1 қыркүйекте Польшаға қарсы соғыс ашқан соң Англия мен Франция Германияға қарсы соғыс жариялауға мәжбүр болды.