Таяу Шығыстағы соғыстар, Қазақстандағы жер шеруі, Ұлыбританияның Еуропа Одағынан шығуы жайлы референдум және АҚШ-та Трамптың жеңіске жетуі. Азаттық 2016 жылғы маңызды кейбір оқиғалар туралы фотогалерея ұсынады.
2016 жылғы маңызды оқиғалар

26
Белградтағы иесіз қойманың шетінде жуынып тұрған босқын. Сербия, 10 қараша (Reuters/Marko Djurica).

27
АҚШ-тағы сайлауда тосыннан жеңіске жеткен Дональд Трамптың ел президенті болып сайлануына қарсы шеруге шыққандар Нью-Йорктегі Trump Tower ғимараты алдында тұр. 12 қараша 2016 жыл (AFP/Kena Betancur).

28
Мосул қаласындағы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы бекінген позицияларды нысанаға алған коалиция күштерінің әуе шабуылы кезінде бассауғалап қашып бара жатқан адамдар. Ирак қауіпсіздік күштері, күрдтердің пешмерга қарулы жасағы және шиит еріктілері Мосулды экстремистерден азат ету операциясына кірісті. Ирак, 17 қараша 2016 жыл (Reuters/Goran Tomasevic).

29
Кубаның қайтыс болған жетекшісі Фидель Кастроны жерлеу шарасына жиналған адамдар оның суретін ұстап тұр. Кубаны жарты ғасырға жуық үздіксіз басқарған Фидель Кастро қарашаның 25-і күні 90 жасында қайтыс болған. Лас-Тунас, Куба, 2 желтоқсан 2016 жыл (Reuters/Carlos Barria).

30
Соғыстан қатты күйреген Алеппо қаласынан адамдарды эвакуациялау. Кескілескен шайқастардан кейін Сирияның үкімет әскері көтерілісшілерді Алепподан ығыстырды. Сирия, 13 желтоқсан 2016 жыл (Reuters/Abdalrhman Ismai).